Анель Арынова зорлық-зомбылық құрбаны болғанын айтып берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Көлденең көк аттыдан емес, талай уақыт көңіл жарастырған сүйіктісінің қорлығын көргендердің бірі - экс-Кешьюлік Анель Аринова. Кезекті жанжалдан соң жігіті Анельді көлік артына күштеп салып, зиярат басына апарған. «Қазір сені өлтіріп, осында көміп кетемін», - деген қоқан-лоқылардан соң, әнші ол адамның аяғына жығылып, жалбарынып аман қалған.

Анель Арынова, әнші:

- Қой құсатып көлікке тықты да бейіт жаққа қарай алып кетті. «Қазір өлтіремін», - деді. Не ойларымды білмедім. Ата-анам, жақындарым сол кезде қайда екенімнен бейхабар болды. Телефонымды сындырып лақытырып жіберді.

Анель сол күнгі қорқынышты оқиғаға қарамастан, жазған арызын қайтарып алған. Онысына өкінетінін де жасырмайды. Ал талай қыз-келіншектердің құқығын халықаралық деңгейде қорғап жүрген әнші Калия: «Қылмыскер қалайда жазасын тарту керек. Жауапсыз қалдыруға болмайды»,-дейді.

Kaliya, әнші:

- Зорлық құрбаны болғандар қайда хабарласу керек? Сол ақпаратты біз таратып жатырмыз. 102 – полицияға хабарласу керек және 115 деген Алматыда жұмыс істейтін сенім телефоны бар. Сол жерлерге хабарласса біздің полиция және дағдарыс центрінің мамандары көмек көрсетеді.

Ал танымал медиа-тұлға, әнші, актриса, тележүргізуші – Фариза Ескермес, бүгінде көптеген ерлердің нысанына айналғандай. Тіпті, сымбатты сылқымның қыр-соңынан қалмай, ашық түрде аңдығандар да болыпты.

Фариза Ескермес, актриса:

- Енді қызбала болғаннан кейін қорқып кеттім. Түсіндіріп айттым бірақ, рақмет үлкен, түсінемін бірақ олай істемеңізші деп. Өйткені мен қандай ресторанға барсам да, менің артымнан барады. Бір жұмысы жоқ адам сияқты да. Бір үлкен жігіт кәдімгідей.

Қуанышқа орай, Фаризаның фанаты бір ауыз сөзден тоқтам тапқан. Іс насырға шаппай, жарты жолдан, сотқа жетпей тыныпты.

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет