Скриптониттың жаңа жинағы тыңдалымы жағынан топ жаруда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Скриптонит тыңдарман арасында сұраныста! ТМД-ға танымал музыкант «iTunes.kz» чартының көшін бастады. Рэпердің су жаңа альбомына енген «Жить как я живу» трегі бүгінде хит. Әділ Жалеловтың аталмыш туындысы тұсауы кесіле сала, бірден трендке енген болатын.

Бірнеше күн бұрын ғана туындыларын ұсынған Miyagi мен Andy Panda екінші сатыда. Қос өнерпаздың «Патрон» атты композиясы жастардың көңілінен шыққан. Бұл ресейлік музыканттардың алғашқы дуэті емес, жігіттер бұған дейін де бірнеше коллаборация ұсынған еді. Олардың әр трегі тыңдалымы жағынан топ жарып келеді.

Ресейлік хаус-рэп орындаушы Feduk-та өнердегі әріптесі Скриптонитпен ортақ коллаб ұсынып, танымалдылығын арттыра түсті. Қос өнерпаздың «Рамок нет» әні бүгінде «iTunes кз»-тың үздік үштігін түйіндеп тұр. Еске салсақ, Feduk соло әнші ретінде шығармашылығын 2010 жылы бастаса да, 2017 жылы Элджей мен бірігіп орындаған «Розовое вино» трегінен кейін әйгіленген еді.

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет