Screen Actors Guild Awards үздік киногерлерді анықтады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Күні кеше Лос-Анджелесте АҚШ киноактерлар Гильдиясы жеңімпаздарын анықтады. Бірақ марапат жылдағыдай дүркіреп емес, жаһандағы жағдайға орай онлайн өтті. Өткен жылғы «Screen Actors Guild Awards»-тың лауреаттары «Оскар» жүлдегерлерімен иық тірестіре алған-ды. Сондықтан, шара ел назарын аударарлықтай.

Онлайн кеште «Үздік актерлық құрам» марапатын «Чикаголық жетеудің соты» драмасының киногерлері жеңіп алды. Сондай-ақ, сериалдар арасынан аталмыш марапатты атышулы «Тәж» телехикаясы иеленді. Қала берді, «Үздік ерлер рөлі» номинациясын, «Ма Рейни: Блюз анасы» лентасымен марқұм болған Чедвик Боузман алса, «Үздік әйел рөлі» Виола Дэвиске бұйырды.

Марапат виртуалды түрде өткенімен, жұлдыздардың бәрі үйлерінде отырып-ақ трансляцияға құдды қызыл кілем үстінен өтердей дайындалған. Мысалы, Джаред Лето «Gucci» ұсынған күлгін костюм кисе, «Dolce & Gabbana»-мен Джиллиан Андерсон көзге түсті. Кештің бас жұлдызы Виола Дэвис болса, «Louis Vuitton»-ның образына тоқталған.

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет