Еркебұлан Тоқтарға Голливудқа жол ашып берген кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Еркебұлан Тоқтар бұрыннан Голливуд кастингтеріне онлайн өтініш беріп, олардан өтіп жүрген. Тек виза ғана актерға үлкен мәселе болған. Қолына мөр қойылған құжатты алған бойда, АҚШ-қа құстай ұшты.

– Голливудтан жақында келдің. Не үшін бардың? Түсірілімге барғаныңды білеміз. Қандай фильм? Айта аласың ба?

Еркебұлан Тоқтар, актер:

– Иә. Түсірілімге бардым иә. Мировой прокатқа шығатын кино. Пока мен атын, ешнәрсесін айта алмаймын. Бастапқы 4 күн съемка болды менде. Енді январьда болады бұйыртса съемка. Январьға дейін осындамын бұйыртса.

-Мені ұстап қалыңдар дейсің ғой.

-Той-пой, анау-мынау болса дегенсің ба?

Еркебұлан Голливуд түсірілім алаңында полиция қызметкерін яғни «Копты» ойнаған. Картинаға байланысты қалған детальдарды актер ашып айта алмайтынын жеткізді.

– Ол жақта райдер болды ма сенде?

Еркебұлан Тоқтар, актер:

– Райдер болды. Бизнес класс болды. Мен 4 күнде 4 отель ауыстырдым.

-Не үшін?

-Көргім келді. Бір күні берегтің қасында. Санта-Моника деген берег бар, соның қасынан ал дедім. Бір күні юниверсл пикчерстің қасынан ал дедім. Райдер как положено күшті болды.

-Гонорарыңды сірә айтпайсың?

-Конечно. Айтылмайды ол.