Коллаб орындаймыз деп уәде беріп, ARShAT-ты алдап кеткен кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

«Әлемде музыка болмаса, адамдар айқайлап сөйлесер еді»! Бұл біз келген өзге бағыттағы, ерекше ырғақтағы кештің тақырыбы. Адамдарға бір-бірін естуге көмектесіп жүрген ARShAT-ты бүгін біз естиміз.

ARShAT, музыкант:

- Бүгінгі кештің атауы негізінде «EMDE»! «Әлемде музыка болмаса, адамдар айқайласып сөйлесер еді», - дегеніміз мысалы жаман энергияны біреуді ұру арқылы немесе жануарлар қинау арқылы емес, оны рок жанры арқылы да ән қылып, мүмкін сол әнді тыңдап, тербеліп энергияны шығару.

– Сіз тыңдармандарды өзіңіздің әніңізбен емдейсіз, ал сізді кім емдейді?

– Келіншегім, келіншешім ауыртады, келіншегім емдейді.

 

Концерттің эксклюзивті тұсы – жарыққа шықпаған 6 бірдей тректің алғашқы тыңдарманы атандық. Онымен қоса біз сүйетін ARShAT-тың сырттай сүйсінетін әртістерімен дуэтінің тұсауы кесілмек.

– Шынымен де Kyle Ruh-ты «Moonlight» тобынан білетінмін. Kalifarniya, яғни Фараның негізінде көбісі біле бермейтін қыры бар. Ел арасында тыңдалатын әндеріне сүйсінбеймін, Фараның альтер-эгосы бар, рэп жанрында шырқайтын тректері бомба.

 

Десе де ARShAT кеште жалғыз болды. Дуэттегі әндерді өзі жалғаз орындауының себебі де бар:

– Қалған 3 қонағым келмей қалды, өкінішке орай. Біреуі телевизиялық шоуға қатысып жатыр, екіншісі концертке кетіп қалды. Ал бір кісі Алматыда бола тұра келмей қалды. Енді осы жағдайдан кейін ол кісімен фит болмайды.

– Реніш бар ма ол адамға?

– Бар.

– Бір қызығы сіздің делдлайнға бағынбайтыныңызды білеміз? Келесі жылы жаңа әндерді тыңдарман ести ала ма?

– О, әдемі ұстадыңыз... 2025-те тыңдалынады.

– 2024-ті қорытындылайықшы, өкпеңіз бар ма, әлде ризасыз ба бұл жылға?

– Ренжідім де, риза болды да. Алматыға көштім, иығымды сындырдым, қызды болдым.

– Ал алдағы қандай үмтіңіз бар?

– Үй алғым келеді.

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Таңқалдық, тамсандық, таңғажайып күйге бөлендік. Ондай эмоцияның спектріне бізді ұшыратқан ARShAT дайындаған репертуар. Әрқашан жаңа, тың дүние сыйлайтын музыкантқа таудай шабыт тілейміз!