Үйлену оңай, үй болу қиын! Медиа кеңістіктегі танымал арулар тұрмыс құрмас бұрын екінші жартыңа талап қою дұрыс деп санайды. Себебі отбасындағы көп кикілжің- қаражат тапшылығынан туындайды дейді.
Damelya Sweet, блогер, инфлюэнсер:
– Талапшыл болу керек. Біз бриллиант керек, мынау керек десек, жігіттерге мотивация болады.
Жазира Еркін, актриса:
– «Меркантильная» болған жаман дүние емес. Оның жағымды да, жағымсызда да бар. Артықшылығы- жарқын болашақ, тоқшылық өмір,жайлылық. Ал кемшілігі – тойымсыздыққа алып барады.
– 100 пайыздық шкаламен есептейтін болсақ Жазира Еркін неше пайызға меркантильная?
– 100 пайызға!
Актриса Еркін-тегі жайлы өмір сүру үшін ер азаматтың қалталы болуы маңызды дейді. Ал өзге жұлдыз бикештердің жігіттің материалдық жағдайына қатысты ойы қандай?
– Енді қыз баланың негізінде ақылды болғаны жақсы ғой, болашағын ойлайтын. Материалдық жағдайға қарауды сол жағынан ойлайтын болсақ, «Болашақ менің балаларымды қалай асырайды? Табысы қандай? Мені қалай асырайды?» деген ниетпен қарайтын болса дұрыс деп санаймын.
Фариза Ескермес, актриса:
- Материалдық жағжайға қарау, жаман емес. Мысалы ертеңгі күніңді ойлау ол жақсы, жаман емес. Несі жаман?
Арулар «сүйіктіңнің бақуатты болғанына» аса мән беру керек деп дабыл қақса, отбасылы өнер адамдары «Тең теңімен боулы керек, бастысы екі жақта шектен шықпаса болғаны» деген тұжырымды алға тартты:
Луина, әнші:
– Қазіргі таңда жігіттер де қыздардың материалдық жағдайына қарайды Ерлер қауымы да өздеріне білімді, жоғары қызметі, көлігі бар аруды қалайды. Соған сәйкес қыздардың да бұндай талаптары болуы өте орынды деп ойлаймын.
Аша Матай, актриса, тележүргізуші:
- Қазіргі жағдайда енді жігіт жақтары да, қыз жақтары да бар ғой енді ақшаға қарап жатқан. Мысалы жігіттің көлігі бар ма? Пәтері бар ма деген сияқты. Я болмаса керісінше жігіт ойлап жатады. Мына қыздың жұмысы бар ма? Менің кредиттерімді жаба ала ма деген сияқты. Екі жағынан да қарастыруға болады.
Шерхан Пірназар, актер:
- Барлығының негізі мерасы болу керек деп ойлаймын. Қандай жағдай болса да. Ең бастысы мақұл ол отбасылы болсын, ол үйленбеген жас ғашықтар болса да түптің түбіне келгенде мақсаттары бір жерден шықса сол кезде жақсы болады.
Қаражаттың көптігі сеніміділік сыйлағанымен, нағыз махаббатты сезіндіре алмасы анық. Сол себептен қалтаның қалыңдығын емес сезімнің адалдығына мән берейік.