Әділжан Шомбалов, актер:
– НТК телеарнасынан сериал басталса, 10 апрельден бастап толықметражды фильм болады деп жатырмыз. Сондықтан да барша как «Патрульдің» көрермендеріне, сол «Патрульдегі» түсірілім алаңында болған барша жігіттер мен қыздарға, бәріңізге сәттілік тілеймін. Құтты болсын!
«Патруль» толықметрі Қазақстанның барлық кинотеатрында! Иа, сіз шалыс естімедіңіз. Көптің көзайымына айналған телехикая көрерменге жол тартпақ. Әйгілі ситком 2015 жылы бастау алып, бүгінгі таңға дейін НТК телеарнасында 7 маусымы жарық көрген-ді. Мега жоба полицей қызметкерлерінің күнделікті жұмысын көрсету арқылы қоғамдағы өзекті тақырыптарды, халық пен билік арасындағы түрлі мәселелерді арқау етеді.
Медет Аманбаев, актер, сценарист:
– Полиция қызметкерлерін басқа жағынан көрсетуге тырысады көбі. Біздің негізгі мақсатымыз қарапайым полиция қызметкерлерінің өмірін көрсету.
Бексұлтан Піләл, жайдарманшы, актер:
– Қалай ойлайсың? «Патруль» халықтық жоба болып кетуіне не себеп?
– Өйткені өте қарапайым, әзілдері де халыққа оңай жетеді, өмірден алынған менің ойымша. Сол үшін халыққа өте қатты ұнайды.
Шығармашылық ұжым көрерменді таңқалдыруын бұнымен тоқтатпайды. Фильмнің ресми трейлеріне көз салсақ, ТМД елдеріне мәлім «ЧБД» жобасының қатысушысы Тамби Масаевпен қатар Әсел Сағатова, Санжар Мәди, Қарлығаш Мұхамеджанова, Асан Мажит, Динара Сатжан, Әбілмансұр Серіков сынды отандық жұлдыздар бой көрсетеді. Айта кетейік, кино авторлары күні кеше орын алған шуға байланысты актер Шәріп Серіктің қыз баласына күш көрсеткенін ескеріп, лентадан өнер иесінің сахналарын толықтай кесіп тастады.
Бексұлтан Піләл, жайдарманшы, актер:
– Толықметр менің ойымша өте күшті шығады. Тек қана әзілдерден құралған. Сосын барып шетелден актерлер, танымал актерлер, еліміздің танымал актер актрисалары келіп түсті. Фильм менің ойымша өте қызық болады.
10-шы сәуірден бастап үлкен экранда «Патрульдің» 7-ші маусымының нүктесі қойылмақ. Ендеше шытырман оқиғаға толы телехикаяның нағыз қызығы жасырылған соңғы бөлімді жіберіп алмаңыз!