Көптен күткен Премьера! «Патруль. Последний приказ» картинасына жұлдыздардың тегін түскені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Дүрия Қыдырбек, @duriiya_kydyrbek

Құрметті, НТК арнасының көрермендері, жолың оң жақ бөлігіне тоқтаңыздар. Себебі біз «Патруль» толықметрінің жабық көрсетіліміндеміз.

 

«Патруль» - 10 жыл, 7 маусым бойы көрермен ықыласына бөленген туынды. Франшизасын шетелдіктер сатып алған алғашқы Қазақстандық сериал. 2015 жылы скетч ретінде түсірілген жоба бүгінде толықметр хақында таспаланып, үлкен экранға жол тартпақ.

«Патруль» 10 жылдық тарихы бар жоба. Алғашқы түсірілім қашан және қай жерде болды есіңізде ме?

Адильжан Шомбалов, актер:

2015 жылы алғашқы бөлімі. Қаскелен қаласында бастау алды.

Рүстем Омаров, идея авторы, режиссер:

Cол кезде костюм суретшісі, көлік деген болмады. Далада киініп-шешініп, суықта желтоқсан айы...

Еділ Анарбай, актер:

Бірақ сол суыққа қарамай көңіл-күйіміз өте көтеріңкі болды. Сонымен есте қалды.

Айдар Каримбаев, актер:

Мен 2018 жылы 5 маусымда келдім. Мені шақырып, кастингтен өткенімді хабарлағанда, сенбедім. Әзілдеп жатқан болар деп... Бірақ, шынымен өтіппін.

 

2021 жылы «Патруль» жобасына поляктардың көзі түсіп, франшизасын сатып алған-ды. Енді толықметрі де шекара асып, ТМД жұртшылығын тәнті етпек.

Рүстем Омаров, идея авторы, режиссер:

15 сәуір Мәскеуде, 17 сәуір Бішкекте, 22 сәуір Ташкент Өзбекстанда болады.

 

Толықметрдің касты жұлдыздарға толы. Қайрат Әділгерей, Асан Мажит, Әбунасыр және Әбілмансұр Серіковтер, «ЧБД» жұлдызы Тамби Масаев пен Камызякилық Ренат Мухамбаев та бар.

 

Рүстем Омаров, идея авторы, режиссер:

Барлық актерлер тегін түсті. ЧБД жұлдызы Тамби Масаев та тегін келді. Өйткені біз КВН-нен шыққан азаматтармыз!Біз бір-бірімізді қолдаймыз..

Әуелде кастқа таңдалғандар қатарында Шәріп Серік те бар еді. Постер мен трейлерден орын алғанымен толықметрде бой көрсету актерге бұйырмады. Кесірі өзіне ғана емес, әріптестеріне де тиген сыңайлы. Себебі желісін үйлестіру үшін Қобыланды Болат пен Иманбектің де кадрларын қиюға тура келген-ді.

Ролан Рысбаев, «Salem Entertaiment» PR бөлімінің жетекшісі:

Бұл шешім қанша шығын әкелгені жайлы нақты айту қиын. Бірақ барлық жұмысты көрсетілген күнге дейін аяқтау үшін барымызды салдық. Монтаж мамандары уақытқа қарамай жұмыс істеді. Барлық 500 кинотеатрға өзгертілген нұсқасын қайта жібердік. Сондай-ақ, фильмнің желісінде өзгерістер бар, бірақ бұл басты месседжге әсер етпеді.

 

Дәл осы көлік төңкерілген сахнаны монтажға балауыңыз мүмкін. Алайда бұл каскадер мамандардың біліктілігі мен шығармашылық ұжымның шеберлігінің нәтижесі.

Роберт Кун, экшн сахналардың қоюшы-режиссері:

Барлық төбелес сахналарын өзім сомдадым. Тек мотоциклдегі кадрды түсіргенде режиссерлық етуім керек болғандықтан әріптесім ойнады. Жалпы барлық экшн кадрлардың қоюшы-режиссері өзім. Ал атпен түсірілген сахналарды Жандарбек Күнгожинов бастаған номад жігіттері лайықты алып шықты.

Игорь Цой, «Salem Entertaiment» бас продюсері:

Бір толықметрге Патрульдың барлық сериалына жұмсаған қаржы кетті. Әзілге, экшнға толы ауқымды картина болды. Бірақ бұл соңы.

Әшім Ахмет, актер:

«Патруль. Последний приказ» ұнады ма? Несімен?

Маған ұнады киноның качествасы, астары бәрі өз орыныда деп ойлаймын.

Чингиз Капин, актер:

Фильмнен кейінгі әсерімді сөзбен жеткізу қиын. Актерлық, операторлық жұмыс, сценарий авторының еңбегіне сөз жоқ.