Өнерге әркімнің-ақ бар таласы! Блогерлер бұл сөзді шындап қабылдап, ендігі әрекетке көшкен. Шығармашылық жолын ең алғаш әншілікпен сәтсіз бастаған Сабина Мовлаева, әлеуметтік желі белсендісі атанып, танымалдылыққа ие болған еді. Оның ән айтуына кедергі келтірген мынадай жағдай:
Сабина Мовлаева, блогер:
– Білесіздер, бұрында мен мұрынмен айтқан екенмін. Соған дұрыс шықпаған оказывается. Қазір енді операция істетіп тастадым, мұрнымның мына жеріне. Септопластиканы. Енді осыдан кейін жаздыртам ба деп жүрмін сол әндерді.
Әр қадамы халықтың назарында жүрген Сабина әншілік мансабын қайта қолға алмақ! Сылқым арудың алдағы жоспары да дайын.
Сабина Мовлаева, блогер:
– Осы жазға дейін өте көп әндер шығарам. Енді мен заранее айтқаннан болмай қалады дегеннен қорықпайм уже. Бағым жанса, атып кетерміз.
– Қандай жанрдағы әндерді айтқалы жатсыз?
– Стилім восток қой. Менің түрім восток. Восточная деп па. И сол себепті көреміз енді. Восток стильде. Евровосток дейді ғой.
Шығыс әндерімен тыңдарманды баурап алам деген блогер жеке шығармашылығын хит авторларға сеніп тапсырған. Оның ішінде жақында ғана жаңа альбомының тұсауын кескен Ильхан Ихсан да бар.
– Мен Ильханнан өлеңдер алғанмын. Бірінші соны айта кетейінші.
Сабина Мовлаева, блогер:
– 4 өлең алдым.
– Бір әнін қаншаға сатты Ильхан сізге?
– Шындық айтайын ба? Өте қымбат. 750 мыңнан 1 млн 200-ге дейін ғой. – Не только Ильханнан, өте көп мықты хит жазатын адамдардан өлеңдердің барлығын алып қойдым.
Операция жасалды, әндер сатып алынды, шығармашылық қоржын дайын. Әрі қарайғы жоспар?
– Клип түсіресіз ба? Бейнебаяндар болады ма?
Сабина Мовлаева, блогер:
– Әрине, бейнебаян да, бәрін түсіреміз.
– Ильхан сияқты 7 клип түсіріп, осындай премьера жасау ойда бар ма?
– Ондайға енді білмеймін. Енді если бір әнім атып, сөйтсе, кейін көреміз.
Блогердің бұл қадамы тыңдарман көңілінен шыға ма, әлде хайп үшін жасалатын жоба ма? Блогердің бұл қадамы бос әурешілік пе, немесе расымен құлақ құрышын қандыратын әндерді естиміз бе, ол уақыт еншісінде. Ал әзірге Сабинаның продюсерсіз жұмыс жасайтыны ғана мәлім.
Сабина Мовлаева, блогер:
– Мен бұрыннан бастап, продюсермен жұмыс жасағандықтан, осыдан кейін продюсермен жұмыс жасамаймын деген шешім қабылдадым. Бірақ продюсерсіз қиындау әрине.