Мөлдір Нұрғалиқызы, @moldirr_kozim
Еркебұлан Тоқтар Жұлдыз Өмірғалиға ғашық! Актер сүйіктісінің әкесін құтқару үшін тіпті уақыт машинасын жасап шығарған! Ендеше, 90-шы жылдарға бірге саяхаттайық.
Дәл осы кезеңге көрермен уақыт машинасымен емес, жаңа отандық картина арқылы сапар шегеді. «Назад в 90-ые» фильмінің басты рөлінде Еркебұлан Тоқтар мен Жұлдыз Өмірғали.
Еркебұлан Тоқтар, актер:
– Көбінесе байдың баласын ойнайсыз? Бұл жолғы кейіпкеріңіз жайлы айтып беріңізші?
– Бұл жолғы кейіпкер профессор, ғалым. Сондай ерекшелігі бар. Бүкіл жобаларда төбелестіретін мені, осы жолы төбелестірмеді мені. Өзіме де қызық болып тұр, ол ертең қалай шығатыны. Сондықтан бұл енді мұндай образ ойнамағанмын.
Жұлдыз Өмірғали, актриса, әнші:
– Гауһар есімді қыз. Мұғалім. Жоғарғы оқу орнында. 30 жастан асқан, тұрмыс құрмаған. Анасының жалғыз қызы. Сол әкесінен бала күнінде айырылып қалған.
Киножұлдыздар жаңа кейіпкерлеріне жан бітіру үшін біраз сандалғандарын жасырмады. Арман рөліне Тоқтар-тегі 2 апта бойы дайындалған. Ал Жұлдыз болса, түбегейлі имиджін ауыстырған.
Жұлдыз Өмірғали, актриса, әнші:
– Образ өзгерттіңіз, шаш қидыңыз. Барлығы осы рөлге бола ма?
– Иә, мен жалпы өзім бұл шешімді қабылдадым. Түбегейлі өзгертуді, өзгеру болсын деп. Себебі ұзын шашпен де болдық. Қара шашпен, қоңыр шашпен де болдық.
– Үзінділерден көріп жатқан көп көрермен айтып жатыр образ Қылышбекке көп ұқсайды деп. Образды өзіңіз іздеп тастыңыз ба?
Еркебұлан Тоқтар, актер:
– Қылышбектен алдым. Себебі жақсы көремін сол персонажды.
Десе де, көрермен бұл еңбекті қалай қабылдайтыны уақыт еншісінде. Ал әзірге продюсерлер ренжітіп жатқан жоқ дейді өнерпаздар.
Мөлдір Нұрғалиқызы, @moldirr_kozim
– Дәл қазір, шығармашылық топ фильмінің саудтрегін түсіруге дайындық үстінде. Ең қызығы картинада Жұлдыздың әкесін ойнайтын Қуаныш Құдайберген «Гауһартас» әнін өзі орындамақ. Айтуынша, бұл продюсердің ұсынысы болған.
Қуаныш Құдайберген, актер:
– Сізді осы алаңнан көргенімізге қуаныштымыз. Көпшілікке антогонист образымен танылдыңыз? Бұл жолы қандай кейіпкерді сомдайсыз?
– Бұл жолы өте қарама-қарсы. Өйткені өзім де осы кастингке келгенде, фильмге шақырған кезде бірден антогонист болса ойнамаймын дедім. Өйткені биылдыққа өзіме пауза қойдым. Мына жақта кейіпкерім мейірімлі әке. Өте ақкөңіл.
Оқиға желісі бойынша Арман бала күнінен Гауһарға ғашық. Бүгін де ол профессор атанып, сүйіктісіне махаббат қаласында сөз салуды көздейді. Сондай-ақ, Парижге тез жету үшін уақыт машинасын ойлап табады. Алайда, барлығы басқаша көрініс тауып, қос ғашық өткен заманға түсіп кетеді.
Махаббат пен арман тоғысқан ерекше хикаяға жетелейтін толықметр осы жылдың 9-шы қазанында үлкен экранға жол тартпақ.