Бір жыл бұрын 350 қонақтың басын қосып, шаңырақ көтерген Ермек Шынболатов әке атанды! Жақында атұстары дүниеге келген актердің қуанышында шек жоқ.
Ермек Шынболатов, актер:
– Қандай әсердесіз? Әке болған қалай екен?
– Үйге асығыс тұрасың. Өзімнен айнамайды, бұйрабас. Бөлек сезім. Міне-міне деп күтіп жүрдік. Мына жақта жұмыс істейсің, сьемкаға барып жүргенде 3 күнде бір 4-5 сағат ұйықтап жүрген уақытта барып бір иіскейсің де энергия жинап, қайтадан шаба бересің.
«Графигым тығыз»,- деген актерден ұлы жайлы біраз ақпар сұрадық. Атұстары жайлы қаншылықты білетінін өзіңіз пайымдарсыз.
Ермек Шынболатов, актер:
– Қарапайым сұрақ, сағат нешеде дүниеге келді? Салмағы, бойы жайлы ақпар бар ма сізде?
– Салмағы, бойы аздау болды. Себебі мерзімінен ерте дүниеге келді. Кешкі 10 шамасында дүниеге келді.
Әйелі босану бөлмесіне серіктес ретінде Ермекті көргісі келген екен. Алайда актер маңызды сәтте жарының қасында өзінен гөрі кәсіби мамандар мен тәжірибелі аналар болғаны дұрыс деп санаған.
Ермек Шынболатов, актер:
– Мен о баста келіспедім. Себебі мен талып қалатын едім.
Шынболат-тегі дәстүрден таңбай тұңғышына есім беру мәртебесін әкесіне ұсынған екен.
Ермек Шынболатов, актер:
– Есімін әкем Кемеңгер деп қойды. «Кемеңгер адам болсын!» деп. Одан кейін өзіміз іздей бастадық кемеңгер деген сөздің мағынасы– данышпан, кемеңгер деп жатады
Авторы: Д. Қыдырбек