Игроманка! Құмар ойынның құрығына түскен нәзік жандылар жайлы туынды жарыққа шықты!

Сообщить о проблеме с эфиром

 

 

Жоба жасаушылардың айтуынша, фильм шынайы оқиғаға негізделген екен. Сценарий авторына да бұл таңсық тақырып емес. Себебі өзі бір кездері бәс тігуге құмартып, кейін оңалту орталығында емделген.

Алдияр Байракимов, режиссер:

Түсірілім алаңында арнайы консультанттар болды. Олардың бірі президенттердің аудармашы қызметін атқарған, бірақ ойынға әуестенгенінің кесірінен ақшасынан да атағынан да айырылған. Айтпағым, шындыққа жанасуы үшін ұжымға осы мәселені басынан өткерген адамдар шақырылды..

 

Кастқа таңдалғандар қатарында Алтынай Нөгербек, Бахияр Қожа мен Жалғас Жангазин де бар. Түрлі жанрда бақ сынап жүрген актерден әріптесімен тандем қалай болғанын сұрадық.

 

Жалғас Жангазинова, актер:

Гузель Жанмен әріптес болған керемет сезім. Германияда білім алып, сол жақта тәжірибе жинаған маман ғой. Түсірілім өте жеңіл өтті. Біз бір-бірімізді бірден түсіндік.

Бақтияр Қожа, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер:

Әке-шешенің жылап сықтауцы, ұл-қыздардың жылап сықтауы өте көп. Мен бірнеше жерде жылап алдым. Фильм туралы білем. Бірақ қарап отырсаң басқаша. Бұл тағдыр. Бір емес, бірнеше жанұяның тағдыры.

 

Залда жиналған жұртшылықтың эмоциясына қарап туынды көрерменді түрлі күйге бөлейтінін аңғару қиын борлмадық. Ішімдікке салынып, басындағы бағы мен байлығынан айырылғандардың ішкі жай-күйін түсінгіңіз келсе үлкен экранға асығыңыз.

 

Авторы: Д.Қыдырбек