Әлемдік «Disney» студиясы «Лило мен Стич» туындысын дыбыстауға отандық әртістерден кімді таңдады?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Disney»-дің үздік туындыларының бірі «Лило мен Стич» қазақ тілінде! Күні кеше көрерменге жол тартқан толықметрді ана тілімізге аударуға 20 күн уақыт кеткен. Айта кетейік, дубляж режиссері Шах-Мұрат Ордабаев фильмде басты кейіпкер Стичті дыбыстады. Ал өзге кейіпкерлерді рөлге таңдау кезеңі 1 аптаға созылған.

– Несімен ерекшеленді бұл жоба?

Шах-Мұрат Ордабаев, дубляж режиссері:

– Кейіпкерлерге лайық әртістерді таңдауға да тырысамыз. Әрдайым әртүрлі жаңа дауыстар, жаңа жұлдыздар іздеуге тырысамыз. Кәдімгі толыққанды кастинг болды. Ол кастингті бекіткендер шетелде осы Айжұлдызды лайық деп есептеді.

 

Айжұлдыз Адайбекова, актриса, блогер:

– Менің кейіпкерім – Нано. Ол кісі өте негізі жүрегі ашық. Көңілі жарқын – Бұндай кейіпкерлер менің ойымша әр қазақ үйінен табуға болады міндетті түрде. Бізде жанашыр қыздар көп. Мысалы: отбасында жалғыз қыз болсам да мен өте жанашырмын.

 

Іріктеуден өткен өнерпаздардың қатарында көптен көрінбей кеткен тележүргізуші Қазбек Қасым да бар. «Лило мен Стич» - өнер иесінің дубляж актері ретінде бой көрсеткен екінші ші жобасы:

– Кастингке өзіңіз келдіңіз бе әлде ұсыныс болды ма, шақырту болды ма? Сол жайлы айтып беріңізші.

Қазбек Қасым, тележүргізуші:

– Өздері шақырды. Дыбыстадым. Содан кейін бір бір аптадан кейін ба өттіңіз деген жауап келді. Сонда естуім бойынша бір 12-13 адамдай қатысқан екен. Өте қиын болған бұл персонажға алу.

– Қиындықтар болды ма қандай да бір?

– Қиындау болған сәт ол ғаламшарлық Пликли деген. Сол жерге түскеннен кейін адамның кейіпіне енеді. Сол кездегі екеуінің дауысы екі түрлі. Қайта қайта өзгеріп кетеді. Сол кезде қайтадан адам боп кетесің, қайтадан құбыжық боп кетесің қайтадан адам боласың мінекей осы сәттер сәл өзгерген кезде қиындау болды.

 

Ал қазіргі таңда жастардың арасында кеңінен танымал стендапер Руслан Тай дубляж саласында дебютант атанды. Комик Disney картинасында Айжұлдыз Адайбековаға ғашық Дэвид есімді кейіпкерді сомдайды.

– Енді сіз қанша дегенмен ең алғаш рет дыбыстап жатырсыз. Қанша дубль жасадыңыз? Ең көбі.

Руслан Тай, стендапер:

– Шынымды айтсам, бір 45 минуттың ішінде бітіріп тастадық қой бүткіл жұмысты. Оказывается, профессионал екенмін. Өзіме ұнамаса да, режиссер: "О, молодец" - деп жатыр. Соған қарағанда тума талант болып тұрмын ғой.

 

«Лило мен Стич» туындысының премьерасына келген халықтың қарасы қалың болды. Оның ішінде танымал медиа өкілдері де балаларымен көзге түскен еді:

Қайрат Әділгерей, актер:

– Ана тілімізде бұл балапандардың бұл голивудтық мультфильмдарды қабылдауы бұл меніңше үлкен жаңалық және де дубляж саласындағы, қазақ дубляжындағы бір жаңалық, бір белес деп білем. Өйткені өзім дубляж саласында 20 жыл жұмыс істеп жатырмын. Әрбір кез келген дубляжға қатысты жаңалықтар, дубляжға қатысты жетістіктер мені де үлкен қуантады.
Айдай Исаева, блогер:

– Қарасаңызшы мына футболкалардың өзі Лило Стичпен жүр. Бұлар енді олардың фанаттары. Сол қатты күтті.

 

Білуімізше, лентаны дыбыстау дубляж актерлеріне аса қиынға соқпаған-ды. Солардың бірі, басты рөлді ойнаған Айжұлдыз Адайбекова кино аяқталған соң өзінің эмоциясын жасыра алмады:

 

Айжұлдыз Адайбекова, актриса, блогер:

– Күшті. Мен бірінші рет толыққанды көрдім. Жүрекке жететін. «Охананың» нағыз бір мағынасын түсіндік деген ойдамын. Күшті. Жылап шықтым.

Картинаның басты месседжі – отбасылық құндықты дәріптеу. Фильмде басты кейіпкер Лило және өзге ғаламшарлық Стичтің достық махаббаты мен бір-біріне деген адалдығы суреттеледі.