Еліміздің жарық жұлдызы Луина 38 жасқа толды. Әнші birthday party-іне ең жақын достарын шақырып, туған күнін дүркіретіп атап өтті. Ал «Бұл жолы алғаш құттықтап қана қоймай, қымбат сыйлық беруден күйеуім көш бастап тұр» дейді өнер иесі:
Luina, әнші:
– Күйеуім сыйлыққа «не қалайсың?» деп өзі сұрады. Мен өзіме әдемі, сәнді туфли мен сөмке және сырға таңдадым. Мұның бәрі бір топтама.
Луина айтулы күнге ерекше дайындалған-ды. Мәселен образының өзіне 5 күн уақыт кетіріп, арнайы дизайнерге тіктірткен. Ал party-ді ұйымдастыру тізгінін сенімді достарына тапсырған.
– Қонаққа тек жақындарыңызды шақырдыңыз ба?
Luina, әнші:
– Әрине, бүгін шамамен 130 адам болады. Негізінен, бұлардың бәрі – менің жақын достарым мен әріптестерім. Тағы да көп адам шақырар едім, бірақ мекеме шағын болғандықтан оған мүмкіндік жоқ. Бірақ бүгін де – өз алдына бір той.
Анар Батырхан, тележүргізуші, блогер:
– Достар бүгінгі бағдарламаны өзім жүргізіп жатырмын және де жалпы бүгінгі кештегі вайбты айта кетейін қазір қонақтардың барлығы жиналып жатыр, Луина әр жыл сайын өзінің туған күнін дүркірете атап өтеді. Біз бұл туған күнді менің ойымша әріптестерімізбен кәдімгідей қатты күтеміз бүгінгі біздің стиліміз міне осындай. Көңіл-күй тамаша бізбен бірге болыңыздар.
Туған күнге келген қонақтар Луинаны құттықтап, естелік суретке түсіп, бір-бірін көргеніне мәре-сәре болысты. Ал біз party иесіне жақын құрбылары қандай сыйлық тарту еткенін сұрап білдік:
– Қандай сыйлық алып келдіңіз?
– Мен ба? Мен ең күшті сыйлық ақша алып келдім.
– Сыйлық ақшалай.
– Құрбы болғандықтан сұрадық. «Ақшалай бере салыңдар» деді.
– Мен гүл және ақшалай
– Ақша
– Ол секрет қой. Да.
– Ең қымбат сыйлық қайсысы болды?
Luina, әнші:
– Сіз бағасы жағынан қымбатын сұрап тұрсыз ба? Әрине, маған көлік сыйлап жатқан ешкім жоқ, бірақ ол маған қажет те емес. Өйткені өзімде екі бірдей көлік бар, ал күйеуімнің Дубайда гаражы бар. Сондықтан мен үшін әрбір сыйлықтың өз құны, өз орны бар.
Тыңдарманның ыстық ықыласына, жары мен жақындарының махаббатына бөленіп жүрген Луинаның бір қарағанда арманы жоқ дерсің. Десе де:
– Ал 38 жасыңызға не тілейсіз?
Luina, әнші:
– Мен өзіме бір-екі хит ән тілеймін. И бір-екі бала, ең болмаса біреу болса да, біз үшін үлкен қуаныш. Биыл жүкті болып, келесі жылы аман-есен босанып алсам, үлкен рахмет айтар едім.
ндеше туған күн иесі Луинаның аңсаған арманы орындала берсін дейміз!