ADAM, музыкант:
–Жеті әніммен келдім. Оның ішінде "Zhurek" әні бар қазір әлем тыңдап жатқан. "Душа моей души" деген әнім бар. Билейтін екі-үш әнім бар. Тірі атмосфера болды енді. Жанды дауыс, жанды бенд. Күшті, ұнады.
Одан кейін сахнада ерекше бірі – Hiro. 1 сағатқа жуық өнер көрсеткен Бекболат ән айтып қана қоймай ырғаққа ілесіп, тыңдарманмен бір толқында болды.
HIRO, музыкант:
– «Рахат Fest» атмосферасы өте керемет. Біз осы сахнада үшінші жыл қатарынан өнер көрсетудеміз. Маған барлығы ұнап жатыр. Мұнда көптеген фудкорттар бар. Тіпті міне фанатым маска сыйлап та үлгерді.
«Бұл жолы жаңа және ескі әндерімнен микс жасадым» дейді музыкант. Айта кетейік, Hiro кеште жалғыз шықпады, Бонамен бірге фитін шырқады. HIRO, музыкант:
– Менің Bonah-ым! Мен Бонаны, оның рэпін, жалпы музыкасын, сондай-ақ адами қасиеттерін қатты жақсы көремін. Сондықтан ол бүгін менімен бірге осында болуы керек болды.
Фестивальде тек отандық қана емес, шетелдік артистер де өнер көрсетті. Олардың бірі рэпер, хитмен Звонкий:
– Рахат Fest сізге несімен ұнайды?
Алина Ким a.k.a hommm9k, тиктокер:
– Бұл жерде атмосфера өте ерекше. Барлығы өте шығармашыл, тамаша лайн-ап. Басқа қалалардан көптеген қонақтар шақырылған, мысалы, Willy William сияқты. Оның танымал "Mi Gente" әні бар. Немесе «Градусы» тобы.
Таңғажайып атмосфера, дәмді ас және әсерлі музыка! Кешке келген меймандардың ішінде танымал блогерлерден бөлек, ерекше образымен көзге түскендер де табылды.
– Керемет екен. Өте әсерлі. Осындай тамаша фестиваль үшін рақмет! Бізге қатты ұнады.
Эксклюзив! Open air-дің басты хедлайнері Франциядан арнайы келген музыкантпен де тілдесіп үлгердік. Ол қазақ халқының қонақжайлылығы мен музыкаға деген құрметіне алғысын білдірді.
Willy William, музыкант (Франция):
– Даусым қарлығып қалды. Бар күш жігерімді Алматы халқына арнадым. Бұл шынымен де ерекше, өте әсерлі болды.
Танымал диджей әлемдік хиттерді орындап, халықтың ыстық ықыласына ие болды. Willy William Алматыға бұған дейін бірнеше мәрте келген, бірақ тек жұмыс бабымен. Десе де өнер иесі елімізге енді саяхаттап келуге дәмелі екенін жасырмады:
Willy William, музыкант (Франция):
– Ләззат алуға көп уақытым болмады. Қазақстанда көретін орындар, әдемі жерлер өте көп екенін білемін. Сондықтан демалысқа, жұмыспен емес, нақты демалу үшін келемін деп үміттенемін.
Фестті қорытындылаған талай танымал шығармалардың авторлары Градусы тобы. ТМД-ға танымал артистердің әндері жиналған халықты ерекше ностальгияға бөледі.