Qanay, музыкант:
– Жалпы негізі жаңа жылдық концерт бергіміз келіп тұр. Негізі қорытынды жасап. Ол шамамен сол енді желтоқсанда сияқты қателеспесем. Республика сарайында үлкен концерт бергіміз келіп тұр.
Қатарластары аренаны толтырып жатқанда, жігіттердің 2000 адамдық сарайды місе тұтқаны өкінішті-ақ. Локацияны анықтадық, енді топ тарады деген сыбыстың нүктесін қояйық.
– «Меховая» жалпы тараған жоқ қой, иә?
– Жоқ, тараған жоқ. Біз өйткені үшеуіміз үш жақтан бөлек-бөлек шыға беретін болғаннан кейін осы жылы осы өзіміздің «Меховаямызға» көңіл бөлейік деп ниеттеніп отырмыз. Жалпы тараған жоқ.
Бұл жоспарлары жайлы сыбыс осыдан 4 ай бұрын басталған-ды. Кештердің бірінде уәде берген жігіттерден тыңдарманға берген серттері жайлы біраз уақыттан соң сұрағанбыз.
Жандос Самалбеков, «Меховая 8/1» тобының солисі:
– Кеш береміз деп уаде берген едіңіздер. Қашан болады?
– Ол уәде дейтін 30 млн-ның нарсесі екен ғой. Былай былай бере саламыз деген нарсе емес екен. Нурик деген досымыз бар организатор. Сол кісімен сөйлескенбіз.
Ал сәттілік серіктеріңіз болсын, жігіттер. Концерттен ақпар таратуға асықпыз.