Nora Нұғман, әнші:
– Шын жүректен құттықтаймыз! Туған күніңіз құтты болсын! Қандай әсердесіз?
– Енді мен кішкене қобалжып отырмын, бірақ та өте бақыттымын!
– Бүгінгі кеш африка стильінде өтеді. Неге деп сұрау орынсыз, бірақ бұл мәдениетке деген махаббат қашан және қалай басталды?
– Африка деген нәрсені мен енді кішкентай кезімнен жақсы көремін. Өйткені мына біздің тәтелеріміз ана "О лалалалае" дегенде менің апаларыма ұқсайды. Сондықтан Африка деген енді өзімнің талпынысым. Мына африкалық стиль, африкалық музыка өте жақсы көремін. Содан кейін африкалық стиль. Нора мен Африка бірдей сияқты болған сияқты.
Жұлдыздардың барлығы дерлік құрбылары бекіткен дресс-кодқа бағынған. Луина өзі ғана емес, жолдасының да образын сайлап келген екен.
Luina, әнші:
– Мен бір түнде жасап шықтым образды. Басында Артемге қандай лук дайындасам екен деп ойладым. Сосын дайын образ сатып алдым. Ал өзім құрбымның дүкеніне барып құрастырдым.
Сая Оразғалиева, әнші:
– Образым найманский, үйде болған заттар. Бетімді де, шашымды да өзім әрледім.
Мақпал Исабекова, әнші:
– Бүгін афро стиль болған соң осындай лук таңдадым. Кеше өліп-талып іздеп, мейк жасайтын қызға барып, шашымды жасаттым. Нәтижесі жақсы болған сияқты.
Образдың жайы түсінікті. Ал жұлдызды-құрбылары қандай сый дайындаған екен?
Дильназ Ахмадиева, әнші:
– Мен сахналық киім сыйламақпын. Өзімнің дизайнерімнен Нораға сай образ жасауын өтіндім.
Luina, әнші:
– Күйеуім ақшалай сыйлық жібереді.
– Қанша екенін біле аламыз ба?
– Ол өзіне танымал брендтің киімін сатып ала алатындай қаржы.
Ғұмырының 25 жылын өнерге арнап, талай танымалдың музыкалық продюсері болған Нора Нұғман кеште бірнеше жаңа әнінің тұсауын кесті. Сондай-ақ, жағымды жаңалығымен бөлісіп сүйіншілетті.
Nora Нұғман, әнші:
– Ең бастысы ол менің концертім. 1 қарашада 2025 жылы Республика сарайында мерейтойлық концертім.
Кәсіби ортада вокалдық кәбілетімен дараланатын Нора кеш бойы жанды дауыста ән шырқап, қонақтарын тәнті етті. Отандық шоу-бизнес өкілдері де қалыспай, репертуарындағы туындыларын тарту етті.