«Ыстық ұя!» Очоу енді Дариға Бадықованың күйеу баласы!

Сообщить о проблеме с эфиром

Олжас Абай, актер:

– Дариға Бадықованың күйеу баласы болған қалай екен?

– Дариға Бадықованың енді.. несі болсаң да қиын ғой. қандайы болсаң да.. Күйеу баласы болған ерекше, қызық..

 

Очоу күйеу бала рөліне тыңғылықты дайындалған. «Таптым-ау»-дағы Жексенге ұқсап кетпеу үшін образын да өзгерткен екен.

Олжас Абай, актер:

Шаш үлгіңіз керемет екен. Образ үшін арнайы жасадыңыз ба? Айтып беріңізші?

– Шаш үлгісін өзім айттым. Әрбір киноға осылай болса екен деп айтамын. Мұрт қалдырыңдар деймін, болмаса шашымды алыңдар деймін. Әр образымды әртүрлі шығарғым келеді.

 

Фильм - бауырлар арасындағы алауыздықтан сыр шертпек. Продюсер Дариға Бадықова біраз шаңырақты ойратқан мәселені қозғап, біраз адамның ішкі жарасын бөліскім келді»,-дейді.

Дариға Бадықова, кинопродюсер, актриса:

– Бізде оның үстіне қазақта, қай бауыр мықтырақ, қай бауыр несібесін сырттан теріп жейтін, қай бауыр табыскер болса, сол бауырдың үстіне бәрі мініп алады. Ол бауыр қиналып табады, .. ол қатарының алды болғысы келеді. Соны түсінгісі келмейтін бауырлар, ата-аналар бар. Бұл кинода сол дүние көрсетіледі.

– Сіз де қазақтың қайсар қызысыз. Бір әулеттің жүгін көтеріп, әке, ата атын танытып жүрсіз ғой. Әулет алдындағы жауапкершілік сізді шаршатып, мұқатып, қажытып жібере ме?

– Ол 100%. Әулет алдындағы қарызың ше. Бірақ мен қарыз емеспін. Ешкім ешкімге қарыз емес. Ешкім ешкімді бағуға міндетті емес.

 

Қызығы, Бадықова ғашығының рөлі бұл жолы Ержан Тусуповқа бұйырған. Әдетте Олжас пен Дариға тандемін көріп көзі үйренген көрермен үшін бұл коннект таңсық болары сөзсіз.

Дариға Бадықова, кинопродюсер, актриса:

Саундтректің қаралымы 100 млн. Тағы дуэт күтеміз бе?

– Саундтректі барынша бірінші орынға қойып отырмыз. Себебі күтпеген кісімен мен дуэт айтамын. Олжас та айтады. Оның өзінде ол кісіге таңқалатын кісі.

Айтпақшы кастқа таңдалғандар қатарында Қазбек Төлен, Лаура Сабитова, Қуандық Жүнісов пен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шәмшәгүл Мендиярова да бар. Ал Олжас Абайдың жарының рөлі актриса Индира Сабироваға бұйырған екен.

Индира Сабирова, актриса:

Сіздің кейіпкер көрерменге нені ұғындырады. Басты месседжі қандай әрдайым халықты емес, басқаны емесғ, өзіңді ойла, Өзіңді жақсы көр, өзіңді бірінші орынға қой.

Дариға Бадықова, кинопродюсер, актриса:

Қазақстанда түсірілетін фильмдердің құны - 100-150 млн деп жатады ғой. Сіз қанша қаржы жұмсадыңыз?

Мен одан аз жұмсаймын, себебі мақсат бар. Бизнес бастауы аз мөлшерде басталуы керек. Қомақты қаржың 8 млрд болып тұрса түсір масштаб. Сол себепті кетіп жатқан сомма - 120 млн. Саундтрек бар, оларды қоспаған кезде.

 

Фильм желісі бүтін бір әулеттің жүгін арқалаған Ғалия есімді арудың оқиғасы төңірегінде өрбиді. Күн-көріс қамы деп шетел асқан қазак өзіміз тірнектеп жиған қаржысына туған ауылынан үй салады. Өкініштісі, шаңырақ бауырлар қақтығысына себеп болады. Оқиға қалай аяқталарын білгіңіз келсе, күзде кинотеатрға асығыңыз.