Шеслана Құсаинова, @sheslana_kusainova
– Бүгін біз Ғалымжан Молданазардың шәкірттері «Kunzharyq» тобының концертіндеміз! Boys band өзіндік фанбазаға ие жас музыканттар. Ендеше өнерпаздардың бұл жолы тыңдарманын қандай тосын сыймен қуантатынын бірге білейік!
Аншлаг! Күні кеше «Kunzharyq» тобы Алматы жастарын жинап, ән кешін өткізді. Boys band 2021 жылдан бері инди-поп жанрдағы тректерімен ән кеңістігінде маргиналдық құбылыс ретінде ерекшеленіп, тыңдарманның жүрегін жаулап келеді. Өнерпаздар бұл жолғы концертте барлығы 19 тректі орындап шықты:
– Оның нешеуі жаңа?
«Kunzharyq» тобы:
– 4 ән жаңа. 4-еу дим иә. «Қабыл ал», «Көріп ем», «Қалай кете алам», «Кімді сомдайсың?».
– Жалпы топта кім мәтін жазады негізі?
– Мәтінді мен жазамын. Ал ән инструменталды бәріміз бірлесіп жазамыз қазіргі уақытта. Арамыздағы жүрегі ең көп ауыратын Али да. Сол үшін ол мәтін жазады. Жақсы жазады.
Жылына екі рет концерт беруді әдетке айналдырған тәжірибелі музыканттар тыңдарманды ерекше атмосфераға бөледі. Десе де өнер иелері «бұл жолы бірақатар кемшіліктер жіберіп алдық» дейді:
Ali, «Kunzharyq» тобының солисі:
– Жалпы бір өзіміздің қазақтардың ішінен ескі әнді және тағы бір шетелдің бір k-pop немесе танымал болып жатқан бір әнді орындайтынбыз. Бұл жолы Сабринаның «Espresso» деген әнін орындап, чето онша болмай қалды. Себебі бізде дайындық бүгін ғана таңдадық бұл енді. Оның алдында басқа ән болып, сөйтіп кішкене шатасып, әйтеуір қолдады адамдар.
– Жалпы концертке қанша уақыт дайындалдыңыздар?
– 2 ай дайындалдық. 2 айдан көп болмаса. Ұзақ дайындалдық.
«Kunzharyq» тобы бүгінде «Закрытый клуб» лейблының шығармашылық құрамында. Ал тікелей бағыт-бағдар беруші тәлімгері танымал музыкант Ғалымжан Молданазар.
– Жалпы ол кісінің көп айтатын бір кеңесін айтыңыздаршы?
Ali, «Kunzharyq» тобының солисі:
– Уақыт туралы айтады. Кейбір әндер уақытша. Ондай заттарға көп көздеріңді ілмеңдер деген сияқты.
Sabizhan, «Kunzharyq» тобының солисі:
– Ұстаз деп айтуға тіл бұрылмайды да. Себебі, ұстаз мысалы айтады «өзің жаса, былай істе» дейді. Ал, бізге Ғалымжан аға сенім береді. Бізге жол ашады, бізді қолдайтын нағыз аға деп айтсақ болады.
Сұқбат барысында boys band өздерінің батылы жетпейтін тұстарын да ашып айтты:
– Көбіне шағын кеңістікте концерт қоясыздар. Сіздерге ол кедергісін келтірмей ме? Қандай да бір кемшіліктері жоқ па?
– Мен өзім үлкен кеңістікте концерт бергеннің қиыншылығын сеземін. Себебі біз үлкен фесттарда өнер көрсетеміз көптеген адамның алдында және де әрбір тыңдарманның энергиясын сезу сол арақашықтықтан ба, әлде адамның өте көптігі болғаннан кейін бе? Ол адамдардың күшін сезу өте қиын.
– «Kunzharyq» тобы мен үшін бір өте маңызды топ. Себебі, мен топтың арқасында өзімді таптым.
– Топтың әндері маған сүйіктіммен айрылысқаннан кейін қалпыма келуге көмектесті. Релиздері жанға жылу сыйлайды.
– Әндерімен және топтың вайбы мен үшін бөлек, жалпы қазақ тіліндегі музыкамен жігіттердің арқасында таныстым.
– Менің ойымша осы «Kunzharyq» тобы ерекше! Осы қазақ сахнасына жаңа бір дыбыс әкелгені деп ойлаймын.
«Kunzharyq» фанаттарына құлаққағыс. Еш алаңдамай, жас өнерпаздардың жаңа тректерін күтіңіздер. Себебі болашақ жұлдыздар талантты тәлімгері Ғалымжан Молданазармен қызу дайындық үстінде екенін айтып, алдағы уақытта «ерекше туындылармен қолдаушыларын қуантамыз!» деп уәде етті.
– Жаңа бейнебаян, жаңа ән қашан болады?
«KUNZHARYQ» тобы:
– Жаңа ән осы айдың 20-сы болады.
– Қай ән?
– «Көріп едім» деп аталатын ән болады.