Дүрия Қыдырбек, @duriiya_kydyrbek
– Құрметті көрермен, біз қазір «Ar Сup 2025» халықаралық балалар турниріндеміз. Алаңда Қазақстандық Қайрат пен Ресейдің Зенит командалары финалдық кездесу өткізіп жатыр. Жеңіске кімге бұйыратыны бізге де беймәлім. Бас бәйгені қай команда қанжығалар екен? Бірге білейік.
AR cup 2025 халықаралық балалар футбол турнирі биыл 5-рет ұйымдастырылып отыр. Биыл сайысқа Алматы, Астана, Ақтөбе, Ақтау қалаларының жетекті командалары мен Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Сербия мен Грузия елдерінің үздік футбол клубтары қатысты. Айта кетейік, байқау Айсұлтан Рахаттың құрметіне ұйымдастырылды.
Әділжан Өтегенов, «Ақтөбе» ФК ойыншысы, (Қазақстан):
– Қазір алаңда Зенит пен Қайраттың финалдық ойыны жүріп жатыр. Ал біз жанкүйерлер алаңынан ақпар таратамыз. Қазір жанымда Ақтөбенің футболшылары. Жігіттер кімге жанкүйерсіңдер?
– Қайрат!
– Қазақтың қайраты! Қайратқа жанкүйерміз. Себебі, оның арасында біздің достарымсыз бар, Ақтөбеден кеткен. ....Менің ойымша қазір Қайрат камбек жасап тастайды.
ФК Ақтөбенің бұл спортшылары 1-турда Ресейдің Зинит командасынан 1:0 есебімен ұтылған еді. Жігіттер кеткен есені Қайраттықтар қайтаратынынан үмітті екендерін жасырмады.
Әділжан Өтегенов, «Ақтөбе» ФК ойыншысы, (Қазақстан):
– Дәл қазіргі Қайраттың қарсыластары Зинит командасымен сендерде бір алаңда кездестіңдер ғой. Қандай баға бересіңдер, қандай ойыншылар олар?
– Зинит өте мықты команда. Бірақ менің ойымша, Қайрат жеңіске жетеді. Себебі біз оларға қолдау береміз.
– Кәні, ендеше Қайратқа қолдау кғөрсетейікші жігіттер бірге.
– Қайрат алға, Қайрат вперед!
Қайрат үмітті ақтады. Пенальти сериасында қарсылас қақпасына 3 гол салып, 2:1 ұпаймен жеңіске жетті. Осылайша өз алаңдарында есе жібермей, Ресейлік спортшыларды екінші орынға жайғастырды. Ал үздік үштік пен төрттікті Сербиялық Звезда мен Рубин командалары өзара анықтады.
Жартылай финалдың нәтижесі соңғы 10 минутта өзгерді. Сербиялық «Црвена Звезда» командасы қарсылас қақпасына 2 гол салып, 4:2 ұпаймен жеңіске жетті.
Альмир Баширов, «Рубин» ФК ойыншысы (Ресей Федерациясы):
– Менің қасымда қазір Альмир, Рубин командасының ойыншысы. Үшінші орынға талас кезінде әттеген-ай жеңіліс тапты. Көңіл-күйің қалай?
– Бұдан да жақсы ойын көрсетуге болар еді. 2 голды ұстап қалып команданы алға сүйреуім тиіс еді. Жеңіске де жетер ме ек. Енді болашақта жеңіске жету үшін барынша тырысамыз.
«Црвена Звезда» ФК (Сербия Республикасы) :
– Дәл қазір ұрандатқан РК-2025 ойындарының 3 орын иегерлері. Шын жүректен құттықтаймыз! Көңіл-күйлеріңізбен бөліссеңіздер? Поделитесь эмоциями, какие ощущения?
– Рақмет, біз 3-орын алғанымызға қуаныштымыз. Рубинь-Казан командасы да мықты екенін айта кетейік. БІрақ біз керемет ойын көрсеттік. Тартысты ойын болды.
Жүлделі орын алған командалар медальдармен марапатталды. Ал басты трофей - Ar cup 2025 кубогы Қайрат академиясының спортшыларына ресми түрде табысталды.
Максим Жалмағамбетов, AR cup 2025 ұйымдастырушысы:
– Биыл байқаудың халықаралық мәртебесі өсті десек болады. Шараның басты мақсаты – спорттық бәсекелестікті арттыру және балалар спортын қолдау! Сонымен қатар әрине мемлекеттер арасындағы долстық қарым-қатынасты ныңғайту. 5 елдің үздік клубтары шақыртуымызды қабылдап, келгеніне қуаныштымыз.