Дариға Бадықова мен Очоу тағы да «махаббат» деп ән салды...

Сообщить о проблеме с эфиром

 

Шеслана Құсаинова, @sheslana_kusainova

62 млн! Сезім үшін деп жырлаған Очоу мен Дариға клипінің ютуб хостингіндегі қаралымы осындай! Танымалдар тағы бір туындының түсіріліміне кіріскен екен. Бейнебаян не жайлы, бұл жолы да топ жара ала ма? Бірге білейік

 

«Іздеймін мәңгілік сені, сезімге орашы мені…» бұл Дариға мен Очоудың жаңа туындысындағы жолдар. Әннің атауы - «Махаббат». Ал біз аталмыш релиздің бейнебаяны түсіріліп жатқан алаңға келуді жөн көрдік.

– Клип не жайлы? Басты месседжі қандай?

Олжас Абай, актер, әнші:

– Бейнеклип махаббат жайлы. Басты месседж де сол. Махаббатсыз дүние бос екенін жеткізу.

– Не үшін махаббат тақырыбын таңдадыңыздар?

– Мен таңдаған жоқпын ғой...

– Кім таңдады?

– Дариға таңдады. Дариға өзі лирикаға жақын ғой сол. Жалпы негізі менің талғамымдағы ән емес. Дариға ұнатты.

 

Бейнебаян түсірілімінде 40-қа жуық кәсіби маман еңбек етті. Клиптің негізгі идеясы Дариғаға тиесілі болса, бейнетаспадағы образдардың авторы - Олжас Абай.

Олжас Абай,актер:

– Образға келетін болсақ, образда енді кішкене менің қосқаным бар «Давай кішкене осындай ерекше болсын» деп.

 

Туындыны түсірген кезде қаржының қомақты бөлігі техникалық шығындарға жұмсалған. Сондай-ақ лирикалық жанрдағы ән продюсердің қалтасын да біршама қағыпты.

Дариға Бадықова, актриса, кинопродюсер:

– Ән сол қымбатқа шықты. Клип те қымбатқа шығып жатыр.

– Қанша?

– Бас-аяғы қазір 9 миллион. Өте қымбат, иә. «Мама» әнінің клипі 3 миллионға шықты, сонымен 12 миллион жұмсадым.

 

Әннің авторы – елімізге белгілі композитор, әрі музыкант Ұшқын Жамалбек.

Дариға Бадықова, актриса, кинопродюсер:

– Ұшқын Жамалбек осы «Ыстық ұяның» композиторы. «Маманы» жазды біздің саундтректі. Одан өзіміз тағі бір ән сұрадық. Содан ол кісі осы әнді ұсынды.

– Демек бұл ән фильмнің саундтрегі, иә?

– Жоқ, саундтрек емес. «Мама» саундтрегі, бұл сол желіде жазылған ән. Бірақ киноның кадрлары қосылмайды. Әнді көрсету керек болып тұр.

 

Айта кетейік, Дариға Бадықова 2 қазан күні көрерменге жол тартатын «Ыстық ұя» толықметрінің аясында тек ән жазып, бейнебаян түсірумен шектелмей, игі істерге де уақыт тапқан.

Дариға Бадықова, актриса, кинопродюсер:

– Иә, мен осы «Ыстық Ұяның» желісі бойынша 1 отбасыға баспана сыйлаймын дегенмін. Сонымен сыйға тарттым. Садақаны өзіңнің жақыныңнан баста дейді, мен өзімнің жақынымнан нағашы әпкеме үй алып бердім. Бір мойнымнан жүк түскендей күшті болып қалдым...

– Енді «Сезім үшін» әні өте керемет қаралым жинады 62 миллион. Бұл әнде сондай танымалдылыққа ие болады деп ойлайсыз ба? Үміт ақтала ма?

Дариға Бадықова, актриса:

– Ақталады деп ойлаймын. Әрбір көрермен біздің шыққан әнді тыңдап жатыр, тыңдамай жатқан жоқ. Бұл ән енді деңгейі жоғары ән.

Олжас Абай, актер:

– Бұл атады. Бұл мықты болады.

– Не үшін?

– Өйткені махаббат бар. Махаббат бар жерде мықты болады ғой барлық нәрсе.