Әбілмансұр Серіков түсірілім алаңында ағынан жарылды!
Әбілмансұр Серіковтың киноқоржыны тағы бір туындымен толықты. «Ғашықпын саған» толықметрінде актер қосалқы рөлде. Бір қызығы, серіміз фильмнің атауына сай сезімнің жетегінде жүрген сыңайлы.
Әбілмансұр Серіков, актер:
– Ғашық болу деген өте керемет сезім. Оны тек сезіне білу керек, сезу керек, көру керек, содан өту керек. Бірақ енді ғашық адам ол көрмей қалады. Ол кез келген нәрсеге дайын болады. Ұшып жүреді. Миы істемей қалады оның. Сондықтан ол керемет сезім. Бірақ миың істемей қалған дұрыс емес әрине… Бірақ, енді өзімнің басымнан өткеннен кейін, шынымен де миың істемей қалады.
Мелодрама қос продюсер Жалын Тілеуберген мен Олжас Дәлелханның бірлескен жобасы. Айта кетейік бұл толықметр актер, композитор Дәлелхан-тегінің дебюттік жұмысы.
– Бұндай жаңа мамандықтың иесі атануға жалпы не түрткі болды?
Олжас Дәлелхан, кинопродюсер:
– Қобалжу бар іште. Кеше тауда мысалы түсірдік. Бір 5 минутқа жаңбыр жауды. Жүрегің тарсылдап кетеді. Өйткені сен бір күнің жаңбырға бола тоқтап қалатын болса бітті ғой ол қаншама қаражатқа келіп тіреледі.
Картинаның режиссері, әрі сценарисі – Думан Еркімбек басты және қосалқы рөлдегі кейіпкерлерге кастинг өткізбеген. Яғни актерлық құрамға толықтай сенім білдірген-ді. Олардың бірі Жасұлан Көпберген:
– Алғаш рет басты рөлді ойнап жатқан жоқсыз. Гонорар өскен шығар?
Жасұлан Көпберген, актер:
– Иә десең. Гонорар жаман өсіп кетті десең. Иә, әрине енді әр еңбектің өзінің бір несі болады ғой. Бір... Қалай дейді, жаңағы өзіне лайықты бір сыйақысы болады ғой.
Фильмде Жасұлан мен Шұғыла Арман мен Еңлік есімді қос ғашықтың рөлін сомдайды. Айта кетейік, жас өнерпаздар бұған дейін де бірқатар жобада бірге бой көрсеткен еді.
Шұғыла Ешенова, актриса:
– Жасұланмен бірінші рет емес. Үшінші рет серіктеспіз. Жайлы өте. Сенімді адам. Режиссерге де сенем. Өзіміз де жұмыс істеп, тырысып жатырмыз енді.
Жасұлан Көпберген, актер:
– Күшті басында «аға» деп жүрген. Қазір «аға» демеш маған деп жүрміз. Барлық жаңағыдай өмірдегі жайттарды сырып, екеуміз бір бірімізге барынша ашылып, бір бірімізді түсінуге тырысып жатырмыз. Күшті. Шұғыламен жұмыс істеген маған қатты ұнайды.
Картинада бас кейіпкер Шұғыланың жақын құрбысын жақында ғана қалыңдық атанған Аделина Ералиева ойнайды.
Аделина Ералиева, актриса:
– Негізі кейіпкер туралы айтсам, қарапайым, басты кейіпкер қыздың жан құрбысы. Өте андай оқымысты. Поэзия, поэма жазатын ақын қыз.
Туынды Алматыға арман қуып келген жастардың табысуынан басталып, олардың махаббат пен сынаққа толы оқиғасын баяндайды. Пәк сезімді тереңінен суреттейтін бұл толықметр қыс мезгілінде көрерменге жол тартады. Ал бүгінде жылы атмосфераға толы түсірілім алаңында тек Әбілмансұр ғана емес, өзгелер де тебіреніс үстінде сыңайлы.
Жасұлан Көпберген, актер:
– Мен үшін ғашықтық деген сезім ол ең бірінші қолдау бір бірін, түсіну, бірге жылау, бірге күлу. Әрине мен ғашықпын әлі де. Қазір де ғашықпын.
– Кімге?
– Ақерке Назарбековаға. Өзімнің қызыма, сүйіктіме.
Аделина Ералиева, актриса:
– Алдияр екеуміздің махаббатымыз десем де болады. Оны сөзбен жеткізу қиын. Оңай емес. Іштегі толқыныс, көбелектер деп айтсам болады. Ал кинодағы жеткізетініміз өте терең. Күшті сәттер көп. Сол себепті көруге ұсынамын сіздерге.
Автор: Ш. Құсаинова