X Байқоңыр фестивалінде 20 елдің кинематографистері бақ сынамақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әнуар Кенжібаев, «Baiqonyr» кинофестивалінің президенті:

– Біз арнайы бір тақырып таңдап, қандай да бір шекаралар орнатпаймыз. Біз жастардың туындыларын көрсетеміз, оларға қанат бітіреміз. Біздің ерекшелігіміз осыда. Сондай-ақ, осы 10 жылда нарықтағы картиналармен байланысты жоғалтқан емеспіз. Ал, қазір нәзік жанды мамандардың қозғалысын байқауға болады. Сондықтан биыл біз әйелдер жайлы туындыларға, әйелдер жасаған картиналарға басымдық бердік.

 

Дәстүрлі шара Ольга Коротьконың «Шегірткелер, ваш выход» фильмінің көрсетілімімен басталды. Айта кетейік, Қазақстан мен Франция дайындаған жобаның тұсаукесері Швейцарияда Лакорно фестивалінде өткен.

 

Ашылу салтанатында сөз алған ұйымдастырушылар биылғы мерейтойға орай жаңа қос бірдей жоба дайындағандарын атап өтті.

 

Әнуар Кенжібаев, «Baiqonyr» кинофестивалінің президенті:

Биыл 10 жылдыққа орай әрі фестивалдің аясында «Алматы Сериалдар фестивалі» деп аталатын жаңа жобаны бастамақпыз. Бұл шараның ашылу салтанатында Әділхан Ержановтың «қазақша қорқынышты әңгімелер» сериал-антологиясының көрсетілімі өтеді.

 

Ұйымдастырушылар тағы бір жобаның тұсауы кесілетінін атап өтті. Енді жас сыншылар өзара байланыс орнатып, тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін Almaty critics lab ұйымы өз жұмысын бастамақ.

 

Байқау бағдарламасы 3 бағытты қамтыған. Халықаралық қысқаметражды және Ұлттық қысқаметражды көркем және деректі фильмдер. Бұған қоса, Халықаралық толықметражды көркем дебюттік картиналар бойынша да мықтыларын анықталмақ.

Ержан Жұмабеков, «Baiqonyr» кинофестивалінің бағдарламалық директоры:

– Биыл фестивальге 800-ден астам фильм келді. Оның 170 іріктеліп алды. 20 шақты мемлекет қатысушылары бар. Оның ішінде Ресей, Тәжікістан, Армения, сонымен қатар, Еуропа елдерінен де сыншылар бар.

 

Фестиваль 26-қыркүйекке дейін жалғасады. 6 күн бойы төрешілер іріктелген туындыларды тамашалап, үздіктерді анықтайды.

Әнуар Кенжібаев, «Baiqonyr» кинофестивалінің президенті:

Биыл жеңімпаздарға 3 бірдей грант ұсынамыз. Үздік деп танылған картина авторлары 12 ай бойы білікті мамандармен жұмыс істеп, жобаларын жақсартуға мүмкіндік алады.