Нұрбуллин Нұрлан Абдуллиннің некесіз туған ұлы екені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұрболат Абдуллин, әнші:

– Қалжыңдап айтатын кездері жалпы біршама жерде айтқан. Тіпті бір үлкен концертте, Республика сарайында бір рет айтқанын білемін.

 

Бірақ бұл кеште Нұрлан Абдуллин бұл олқылықтың бетін ашып, көкейдегі сұраққа нүкте қойды.

– Жаңа Нұрболат Абдуллин айтып кетті ғой: «Маған неше түрлі хат келді. Әкең ба, ағаң ба?» деген сияқты. Сіз сондай хаттар алдыңыз ба?

Нұрлан Абдуллин, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші:
– Негізі мені айтады, сұрайтын. Көп сұрайды. «Ініңіз ба, ұлыңыз ба?»,- деп. – Мен қалжыңдап бір жерде «Менің үлкен ұлым ғой, бірақ айтпай жүрмін», - дегенмін. Баяғыда бір сахнада әйелдерді құттықтағанбыз. Сонда мен айтқам, «Міне, мойындайтын уақыт келді, Нұрболат Абдуллин менің ұлым!» деп, әйелдердің бәрі у-шу ана жерде. Негізі енді сахнада сәлеміміз дұрыс ағалы-інілі болып жүрген жайымыз бар.


 

Түсінгеніңіздей, Абдуллиндер өмірдегі емес, өнердегі туыстар. Ағалы-інілі болып сыйласып жүрген жұлдыздарды шығармашылықтан басқа ештеңе байланыстырмайды. Бұл кеште Нұрлан Абдуллин Нұрболаттың өтінішін жерге қалдырмай, бірге ән шырқау үшін келген.


Нұрлан Абдуллин, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші:
– Нұрболаттың да өзінің айтып жүрген бір арманым еді. «Нұрлан аға, екеуіміз бір Абдуллиндер, ағайынды Абдуллин болып шықсақ»,- деп. «Абдулла» деген ән бар ғой, соны айтайықшы бірге деді. Ол орысша ән ғой десем, «Жоқ, елдің құлағындағы ән ғой»,- деп, сөйтіп екеуміз сондай шешімге келдік.