Нұрбуллин Нұрлан Абдуллиннің некесіз туған ұлы екені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұрболат Абдуллин, әнші:

Қалжыңдап айтатын кездері жалпы біршама жерде айтқан. Тіпті бір үлкен концертте, Республика сарайында бір рет айтқанын білемін.

 

Бірақ бұл кеште Нұрлан Абдуллин бұл олқылықтың бетін ашып, көкейдегі сұраққа нүкте қойды.

Жаңа Нұрболат Абдуллин айтып кетті ғой: «Маған неше түрлі хат келді. Әкең ба, ағаң ба?» деген сияқты. Сіз сондай хаттар алдыңыз ба?

Нұрлан Абдуллин, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші:
– Негізі мені айтады, сұрайтын. Көп сұрайды. «Ініңіз ба, ұлыңыз ба?»,- деп. – Мен қалжыңдап бір жерде «Менің үлкен ұлым ғой, бірақ айтпай жүрмін», - дегенмін. Баяғыда бір сахнада әйелдерді құттықтағанбыз. Сонда мен айтқам, «Міне, мойындайтын уақыт келді, Нұрболат Абдуллин менің ұлым!» деп, әйелдердің бәрі у-шу ана жерде. Негізі енді сахнада сәлеміміз дұрыс ағалы-інілі болып жүрген жайымыз бар.


 

Түсінгеніңіздей, Абдуллиндер өмірдегі емес, өнердегі туыстар. Ағалы-інілі болып сыйласып жүрген жұлдыздарды шығармашылықтан басқа ештеңе байланыстырмайды. Бұл кеште Нұрлан Абдуллин Нұрболаттың өтінішін жерге қалдырмай, бірге ән шырқау үшін келген.


Нұрлан Абдуллин, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші:
– Нұрболаттың да өзінің айтып жүрген бір арманым еді. «Нұрлан аға, екеуіміз бір Абдуллиндер, ағайынды Абдуллин болып шықсақ»,- деп. «Абдулла» деген ән бар ғой, соны айтайықшы бірге деді. Ол орысша ән ғой десем, «Жоқ, елдің құлағындағы ән ғой»,- деп, сөйтіп екеуміз сондай шешімге келдік.