«Таспа» әнімен танылған Dosekesh-тің жаңа хиті қашан жарық көрмек?

Сообщить о проблеме с эфиром

Тыңдарманыңызды сағындыңыз ба әлде жаңалықтарыңыз көп пе?

Dosekesh, музыкант:

Өте қатты сағынып қалдым шынымды айтсам. Өйткені біраздан бері концерт берілмеді. Біз қалаларды аралап келдік. Одан кейін енді осы күзде бұйырса керемет концерт күтіп отыр сіздерді. Қатты сағындық. Қатты дайындықпен, бұйырса керемет концерт болады деген сенімдеміз.

Концерттегі трек-листіңізде қанша ән бар және де жаңа релиздер орындала ма? Тұсаукесер бола ма?

Тұсаукесер міндетті түрде болады және де әндердің саны да қанағаттанатындай болады. Өйткені біз барынша шыққан әндерді де арасында мүмкін шықпаған әндерді де қосып, сіздерге керемет әсер қалдырамыз деген сенімдеміз.

 

Бүгінде Dosekesh шығармашылығынан бөлек, tiktok парақшасында да өте белсенді. Өнер иесі әлеуметтік желіде тыңдарманымен жиі әзілдесіп, трендтен қалмай түрлі видеолар жүктеп отырады. Ән кешін өткізу жайлы ұсынысты да сол пікір жазушы оқырман тастаған екен.

Енді осы жолы қандай тосын сыйлар болады?

Dosekesh, музыкант:

Тосын сыйды айтып қойса тосын сый болмай қалады ғой. Сол үшін күтіңіздер. Би ғана емес, бидің ұсынылуын да өзгертіп жатырмыз. Сол әртүрлі қызық дүниелер күтеді сіздерді.

 

Қазіргі таңда Dosekesh жеке кешіне қызу дайындық үстінде. Афиша идеясына ол әлемдік жұлдыз Майкл Джексоннан шабыт алған. Ал алдағы ән кеші 6 музыканттан құралған лайв-бэндтің сүйемелдеуімен толықтай жанды дауыста өтпек.

 

Досекештің айтуынша, Аренада концерт беретін күн әлі алда. Ал әзірге ол соло концертін шағын кеңістікте өткізбек. Кештің арнайы қонағы - Альфа тобының солисі.

Dosekesh , музыкант:

Біле білсеңіздер, желтоқсан айында өткен жылдың бізде Аlpha тобының мүшесі Козимен фитіміз болған және де бұйырса концертте Кози менімен бірге өнер көрсетеді. Өзінің әндерін де шырқап береді.

 

Айта кетейік, Dosekesh былтыр турмен Қазақстанның бірқатар қалаларын аралаған еді. Көптің сұрауы бойынша, ән кешінен кейін гастрольдік сапармен өзге өңірлердегі жанкүйерлерін қуанту жоспарда бар дейді музыкант.

Dosekesh , музыкант:

Концертке дейін жаңа альбом әзірге жоқ. Өйткені мен жаңа альбом жазуға әлі толып жетілмедім деп ойлаймын. Бір уақыты келген кезде бұйырса жаңа альбом да, оған байланысты клиптер де шығады. Сол үшін кішкене шығармашылық толысып алайын.

 

Досекештің репертуары махаббат тақырыбындағы релиздерге толы. Әлеуметтік желідегі пікірлерге қарасақ, оның лирикалық әндері талай арудың жүрегіне жол тапқандай.

Музаңыз бар ма? Нәзік жандыларға қызық сияқты ол сұрақтың жауабы.

Dosekesh , музыкант:

Музам бар. Ол табиғат деп аталады, өмір деп аталады. Сол дүниелердің барлығынан, өмірде болып жатқан оқиғалардан және әрине сұлу қыздар, сұлу арулар да шабыт сыйлайды.

Өзіңіздің сүйіктіңіз жоқ па?

Әзірге жоқ.

Кім білсін әнші жігітіміздің ғашығы пайда болса, әндері де тренд төрінен орын тауып қалар. Ендеше, Досекешке сәттілік!