7 save! Шерхан Қалмұрза - Қазақ футболының жаңа жұлдызы!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тарихи ойын өз мәресіне жетті. Есеп 5:0. Жеңіс Real Madrid-тің еншісінде. Бәрін басынан бастайықшы.

Қалай ойлайсыз Реалдың қақпасына біздің қай спортшы гол салады? Авторы кім болады?

Сәтпаев

Дастан Сәтпаев, әрине

 

Жанкүйер Сәтпаевқа сенді. Дастан - Чемпиондар лигасында қазақ соққан алғашқы голдың авторы болады деп үміттенді. Әттеген-ай, бұйырмады. Есесіне 18 жасар қақпашы көрерменнің көңілін көншітті. Реалға төтеп беріп, ойынның басты қаһарманына айналды.

 

Әлемдік БАҚ өкілдері де жас қақпашының әлеуеті жайлы жарыса жазып жатыр. Ал футболшылардың нарықтық бағасын көрсететін беделді портал Transfermarkt 18 қыркүйектегі жаңартуда Шерханның құнын 200 мың еуро деп бағалады. Бұған дейін ол базада мүлде көрсетілмеген еді.

 

Ақболат Өтебай, «Назар аудар» театрының актері:

18 жасында әлем қарайтын футболда өнер көрсетіп, оның үстіне әлсіздік танытқан жоқ ол жігіт, баланың ішкі потенцуиалы бәріңмен бірдеймін деп тұр ғой әлемдік командаларға. Соған қуандық

 

Ойын басталғанға дейінгі жайттарды тарқатайықшы. Орталық стадионда сауда қызды. Билет арқалаған алыпсатарлардың араны сағат сайын ашылды.

Мұхаммед Аюби, жанкүйер:

Демек сен қазір алып сатарлардан билет алуға дайнсың?

Дайынмын

Қанша қаржы дайындап келдің?

350 ге барады.

Мұхаммед расымен де 353 мыңын сайлап келген екен. Билет алуға дайын тұр.

Бүгін мен Қайраттың жанкүйерімін. 150 мың теңгеге алсам деймін, соңына дейін күтемін. Осынша бағаға сататындар табылып қалар.

 

Бақылау пункттеріндегі еріктілер де матчқа дейін әбден әбігерленді.

Жамиля Жанахмет, ерікті:

Бағанадан бері байқаймын, айғайлап жатырсыз. Тамақ қарлығатындай болды. Жалпы құлақ асып жатыр ма?

Бәрі естіп тұр, бірақ тыңдағысы келмейді. адам көп, біріншіден, адамдарға түсіндіру қиын, бәрі ойлайды «кіре аламын!»,- деп.

 

Алаңдағыы жанкүйер де, теледидарға телмірген көрермен де тақым қысты. 15-минутта көп күткен гол соғылар ма еді, бірақ Куртуа қақпасын қорғай алды. Соңғы минуттарға дейін шабуылшылардан үміт үзбегенімізбен есеп өзгермеді.

Шерхан Қалмұрза, «Қайрат» ФК-ның қақпашысы:

Біз қойған мақсатымызға жете алмадық. Жанкүйерлерден кешірім сұраймыз. Болды айтатын түк жоқ.

Ғибрат Қорғанбек, дәстүрлі әнші:

Ойын аяқталды іште Қайраттықтарға өкпе бар ма?

Ой, жоқ.Өкпе жоқ, 18 жасар балалардың алпауыт корольдік құрамаға қарсы тұруының өзі не тұрады, қаншама эмоция сыйлады.

Айбат Никуллин, шоумен:

Біз білдің шамамен есептің осындай болатынын, сездік, бірақ іштей үміт болды да «Қайрат жеңіске жетсе екен!», -деген. Әлі де Еуропа қазақтар сіздерге шығады, өздерінің мықты екенін дәлелдейді.