Мөлдір Нұрғалиқызы, тілші:
– Өз үйім өлең төсегім! Қанша жерден жұмыс істеп, қалаға құмартсақ та, сол ауылдағы шаңырақтан жылы, қара үйден кең жер жоқ шығар бұл дүниеде. «Ыстық ұя» фильмінің премьерасындамыз!
– Қалтыратып жіберді.
– Бір жыламайын десе, жылатасыздар ғой.
– Мен әлі іштей қиналамын ше.
Дариға Бадықова драма жанрындағы тұңғыш фильмінің тұсауын кесті! Бауырлар арасындағы алауыздықтан сыр шертетін картина идеясы кинопродюсердің өз өмірінен алынған.
Дариға Бадықова, кинопродюсер, актриса:
– 100 пайыз айтам менің жарамды шығарды бұл кино. Осыдан 3-4 күн бұрын – тексергенбіз киноны. Сол кезде жыладым, бірақ бірдеңе қысылып қалды ғой деймін, 2-3 күнге дейін жүрегім ауырып жүрді. Себебі, кішкене ауырлау. Жүрегі бар адамға ол қатты әсер етеді.
«Ыстық ұя» картинасын түсіру үшін суретшілер бір баспананы түгел өртеп жіберген. Атмосфераны толықтай беру үшін графика қосуға тура келді дейді продюсер. Оның өзін арнайы тапсырыспен Америкада жасатқан. Ал үйінен айырылған отбасының кейін пәтерін жөндеп берген.
Дариға Бадықова, кинопродюсер, актриса:
– Бір әулет үйсіз қалатын болғаннан кейін бұл фильмде, мен санама бірден түйдім «Бір үй мен сыйлауым керек», - деп. Сонымен, анамның сіңілісіне, нағашыма сыйлауыма тура келді. Мен өзімнің маңайымдағыларға назар аудармаппын. Оның бәрі жұмыстың кесірі, мүмкін ағайын-туысымызға көңіл аудармағаннан болар. Сол себептен, бұл киноның месседжі – ағайын туыстың құндылығы. Артымыздан өсіп келе жатқан сіз сияқты сіңілімізге әпке болу, аға болу деген месседж бар.
Дариға Бадықова актерлық кастқа тек дебютантарды таңдаған. Бірі ойынымен ұнаса, екіншісі таныс арқылы өткен деседі. Дегенмен, продюсердің бұл шешімі бастапқыда Очоуға ұнамаған.
Олжас Абай, актер:
– Жанымызға басқа да бір жаңа образдағы актерлерді алғанбыз. Солармен жұмыс жасау басында сәл қиынға соқты. Бір-бірімізді дұрыс түсінбей қалуымыз. Бір күннен кейін жақсы болып кетті химиямыз.
Лаура Сәбитова, актриса:
– Студент кездегі Дариға мен продюсер Дариғаның айырмашылығы қандай екен?
– Дариға кеңпейіл. Бала кезден Жұмыста, өнерде енді бір жағынан өзінің бастаған ісіне қаталдау болмаса, ол да болмайды тағы. Қаталдығы да бар, сонымен қатар жүрегінің жұмсақтығы бар.
Қуандық Жүнісов, актер:
– Үлкен экрандағы алғашқы рөліңіз ғой. Гонорар жағынан қалай келістіңіздер?
– Жақсы. 4-5 жылқының құны бар шығар. Қазіргі бағамен.
Қазбек Төлен, актер:
– Түсірілім барысында денсаулығыңызбен қандай да бір қиындықтар болғанын білеміз. Соны айтып бере аласыз ба?
– Соқырішек дейді ғой. Сондай болып ауырып қалдым. 2 күн больницада жатып. Операция жасатып, алдыртып. Содан кейін қайтадан түсірілім алаңына келіп, сол жіппен бірге ойнап, 1 апта съемканы ары қарай аяқтадым.
Шынайы оқиғаға негізделген картина ешкімді бей-жай қалдырмады. Себебі көпшілік айта алмайтын, десе де екінің бірінде болып жатқан мәселені үлкен экранға шығару – үлкен ерлікпен пара-пар дейді фильмді алғаш болып көргендер.
Қайрат Әділгерей, актер:
– Комедиядан басқа ештеңе жоқ па деп көрермендер сөгетін еді. Міне келіңіздер. Драманы да, трагедияны да мықты түсіреті. киноиндустриямызда сондай шеберлер пайда болып жатыр. Қалтыратып жіберді. Анасы кетіп бара жатқан кезде шығып кеттім. Рақмет!
Мереке Қалбаева, блогер, әзілкеш:
– Мен өмірімде көргем мұндай нәрсені. Жалпы өмірде ең жаманы – баланың күйігі. Маған қатты ауыр тиді, себебі, менің апам мен атам осы баланың күйігінен. Мен әлі іштей қиналамын ше.
Мөлдір Мұқан, блогер:
– Әркім өзінің қарашаңырағын ойлап жылады. Жалпы қазаққа, қазақтың жанына жақын, дүние жасалған бүгін. Өзім баламмен келдім. Астанадан арнайы осы кино үшін. Баламның жасы 12-де. ер бала болса да, көзіне жас алып, жүрегі елжіреп отырды қасымда.
Ендеше «Ыстық ұяның» қызықтары мен бауырлар арасындағы кикілжіңге толы драманы бірінші болып көргіңіз келсе, кинотеатрға асығыңыз көрермен!