Гүлзира Айдарбекова енді Қайрат Нұртастың продюсері емес!

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлзира Айдарбекова, Қ.Нұртастың анасы, экс-продюсері:

Осы уақытқа дейін мен енді жүгіріп келдім ғой. Бірақ енді ат тізгінін оның қолына беретін уақыт жетті. Жас емес. Ары қарай өзі алып кетсе де енді, одан кейін өзінен кейін шәкірттер өсірсе де.

Гүлзира Айдарбекова продюсерліктен өзі бас тартқан! Десе де, толықтай баласына сенбей ме, әлде ана жүрегі алаңдай ма кім білсін?! Ол ұлының шығармашылығын мүлде назарынан тыс қалдыра алмайтындығын жеткізді.

Гүлзира Айдарбекова, Қ.Нұртастың анасы, экс-продюсері:

Мен біржола кетіп қалмаймын ғой. Сырттан ғана қадағалап отырамын. Бірақ, араласып жатқан жоқпын.

Кеңесіп отыра ма сізбен?

Әрине кеңеседі. Өйткені Қайраттың әрбір тынысын, әрбір оның мимикасын дейді ғой барлығын көзбен де, жүрекпен де сезетін өзім ғой. Сол себепті менің жұмысымды басқа адам істеу қиын шығар деп ойлаймын.

 

Қайрат Нұртастың жеке брендін қалыптастыруға үлкен үлесін қосқан анасы енді немере сүйген шағында демалыс алуды таңдаған.

Гүлзира Айдарбекова, Қ.Нұртастың анасы, экс-продюсері:

Неше жыл болды ғой. Қайтсем осыларды өсіремін? Қайтсем осыларды дамытамын деп, миымның барлығы өзімнің отбасым болды. Енді мен ойлап тұрмын өзіме уақытымды арнасам деп.

 

Ал Нұртас Айдарбеков ұлының шығармашылығынан бейхабар... «Басы аман болса болды!» дейді...

Нұртас Айдарбеков, Қ.Нұртастың әкесі:

Мен енді ондай бір күнде бір сондай бір баламның артынан жүрген адам емеспін ғой. Мамасы бар Құдайға шүкір, продюсері бар.

 

Сонымен сүйікті әншілеріңіздің шоу-концерті қазан айының 31-і орталық Стадионта өтеді! Кеш қонағы еліміздің мега жұлдыздары «91» бойс-бэнді.