Құмар Лұқманов енді кинопродюсер!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әй, осы әзіл шамына тиді-ау Лұқманов мырзаның. Әлде басқа нәрсе әсер етті ме білмеймін, әйтеуір толықметр таспалаймын деп бекініп отыр.

Құмар Лұқманов, әзілкеш, актер:

Бізде Нұрлан фильм түсіріп жатыр. Дәуіт түсіріп жатыр, Шапашов түсіріп жатыр, солармен бірігіп ой бар енді өзіме де фильм түсіру. Қазақтар КВН командасы туралы немесе 25 жыл концерт бердік қой, сол туралы комедия түсіреміз-ау…

 

Тақырыптың «Казахи» командасына арналуы бекер емес. Себебі, ұжым биыл 25 жылдық мерейтойын атап өтеді. КВН жоғары лигасында ойнаған алғашқы отандастарымыз айтулы датаға орай біраз жоба дайындамақ.

Құмар Лұқманов, әзілкеш, актер:

Нақты уакқыты белгілі ме міне осы жолы кірісеміз деп?

Бізде көктемде Америка, Еуропа тур басталады. Сол ақырын-ақырын бастап, аяғы киномен бітеді деген ой бар. Міне, түсіреміз...

 

Лұқманов мырза толықметрдің түсіріліміне білек-сыбана кісіруге асық. Бірақ бірқатар кедергілер бар көрінеді.

Құмар Лұқманов, әзілкеш, актер:

Әйтеуір балаларды түгел өзіміз ойнап, концерт жайлы кино бола ма, жаңа оқиғаны ойластырамыз. Қиыны, басымызды қосу, басымыз қосылып кетсе сценарий жазылады екен.

 

Көрермен «Казахи» ұжымын сағынғаны анық. Олар елімізге КВН ұғымын таныстырған, шағын миниатюралар арқылы жанкүйер жүрегіне жол тапқан жандар. Ендеше, біраз жанның күлкісіне себепкер болған, жүзіне күлкі үйірткен команда жайлы толықметрді күтеміз!