Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер, актер:
– Шыныменде біз REVUE NEWS-қа үйреніп қалғанбыз. Қалада бірнәрсе болып жатса, міндетті түрде сіздердің ұжым келеді. Күшті-күшті репортаж жасайды. Сіздерге көп-көп рақмет. Еңбектеріңіз жана берсін.
Нұрлан Қоянбаев фильм таспалап жатыр дегенді естіген бойда түсірілім алаңына аттандық. Біз күтпеген картина, актерлық касттағы ерекше тандем. Ашып айтайық!
Мөлдір Нұрғалиқызы, тілші:
– Нұрлан Қоянбаев «Qazaq alemi» картинасының 2-бөлімін таспалады. Көрермен көңілінен шыққан туынды бұл жолы қандай тақырыпты қозғайды?
– Нұрлан ағаның киносына бірінші рет түсіп тұрсыз иә?
Азамат Сатыбалды, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:
– Жалпы Нұрланмен бірінші рет серіктес болып тұрмын. Актерлер үшін қашан да жаңа кейіпкер, жаңа әріптес – ол өте қызық. Және де мен өзіме керек нәрселерді алып жатырмын. Жалпы мен көп түспеймін комедияда. Маған бұл әлем бір қараңғы, бөтен сияқты болып көрініп тұрады да. Қазір енді соның ішіне кіріп жатқандықтан, мен білмейтін... Сені мақтап жатырмын негізі, сенің бұл жерде болмағаның дұрыс.
Азамат Сатыбалдының бұл рөлге таңдалуы бекер емес. Себебі, актердің кейіпкері комедияның ішіндегі драмаға негіз болмақ.
Картинада «My love is Aisulu-дағы» бас кейіпкер Әсел Сағатова да бой көрсетеді. Актрисаны көрген бойда аталмыш фильмнің екінші бөлімі болар деп те ойладық. Әсте олай болмай шықты.
Әсел Сағатова, актриса:
– Осы фильмдегі кейіпкеріңіздің аты Айсұлу емес пе?
– Жоқ Айсұлу емес, Ардақ. Ол фильмге қатысы негізі басты рөлдердің бірін менің ойнайтыным шығар. Және Нұрлан Қоянбаевтың. Бірақ, ол картинаға қатысы жоқ.
Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер, актер:
– Мен Әселге кездескен сайын айтамын жалпы, «сұхбаттарда қазақша сөйле, қазақша киноларға түс!» - деп. Дәл осы кинода бізге жалпы қазақшасы шамалы әлсіздеу, шамалы акценті бар актриса керек болды.
«Қазақ әлемі» картинасы көрермен көңілінен шыққан туынды еді. Алғашқы бөлім толықтай Қазақстанда таспаланса, бұл жолы Қоянбаев Чикагоны бағындырып келді. Сондай-ақ, толықметрде ескерілмей қалған тақырыптар көтеріліп, патриоттық сезімді арттыратын сахналар көп болады дейді авторлар.
Азамат Сатыбалды, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:
–Одан да тереңірек, әрбір адамның ұлтқа, елге, туған жерге деген патриоттық сезімін басқаша ояту. Басқа бағытта, бір жеңіл түрде ояту, өзің байқамай қаласың.
– Сіз Чикагоға барып келдіңіз ба?
– Жоқ, олар мені тастап кетті. Жылатып, мені Чикагоға алып бармай, мені қалдырып кетті.
Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер, актер:
– Толыққанды Чикагода, Қазақстанда түсірілім қаншаға шықты?
– Енді 200 миллионнан жоғары жаратылып жатыр ғой. Комедияға ол өте көп. Және жеке компанияға да өте көп. Жалпы енді көбі айтады ғой, комедияны ақша табу үшін ғана түсіреді деген сияқты. Жоқ, біз енді өзіміз Африкада да түсірдік оны. Ақшаны үнемдейтін болсақ, осы жерде де түсіретін едік қой. Ол бәрі көрермен үшін.
Аталмыш фильм Нұрлан Қоянбаевтың комедия жанрындағы соңғы картинасы болуы мүмкін. Себебі, кинопродюсер енді басқа бағыттарда өзін сынап көрмек.
Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер, актер:
– Осыдан бір жыл бұрын көп журналистер сұрап кетті ғой, «неге комедия елімізде көп?» - деп. Өзі сондай уақыты болады. Көбісі жаңағы комедияға қызығып, енді айта беруге болатын шығар енді. Касса жинағысы келеді. Қазір енді көбісі драмаға кетіп жатыр. Және де болашақта өзім бір драманы жоспарлап жатырмын. Болған жалпы, шынайы оқиғаға байланысты. Сол жерде мен өзім ойнамаймын, продюсер ретінде жұмыс істеп көрейінші деп жатырмын.
Міне қызық! Нұрлан Қоянбаев тек жанрын ғана өзгертіп қоймай, түсірілім алаңында актер ретінде де бой көрсетпейтінін мәлімдеді. Оған себеп, «Өз киносына өзінен басқа актер жоқпа?»,- деген сындардың көбеюі деп түсіндірді.
Не дегенмен кинопродюсердің бұл қадамы сәтті шықсын деп тілейміз. Себебі, әркімнің де өнерден бар таласы демекші, Нұрлан Қоянбаев таспалаған картина драма жанрындағы үздік туынды болмасына кім кепіл?!