Сүйінші! НТК телеарнасында жаңа жоба!

Сообщить о проблеме с эфиром

Шеслана Құсаинова, тілші:

Бүгінде мектептегі буллинг қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселе. Осы тақырыпты арқау еткен «105» сериалы көпшілікке жол тартады. НТК арнасының жаңа жобасы бұл жолы несімен ерекшеленбек? Бірге білейік.

 

Туынды режиссері Дәулет Бекмағамбетов. Драма жасөспірімдер арасында белең алған буллинг жайында.

Сериалда буллинг тақырыбынан басқа тағы қандай әлеуметтік мәселелер қозғалды?

Дәулет Бекмағамбетов, режиссер:

Отбасылық құндылықтар қозғалды. Одан кейін бізде харасмент бар. Жаңағы жұмыстағы бастығы қол астында жұмыс істетейтін жұмыскерлеріне кішкене әлімжеттік көрсету деген бар.

 

105-ші мектепке ауысқан оқушы Аслан әлімжеттіктің құрбаны болады. Жаңа ортада ол әділетсіздікке қарсы тұрып, сан түрлі тәуекелге барады. Айта кетейік, басты рөл бұған дейін көптеген веб-сериалдар арқылы танылған Шоқан Чупанбаевқа тиесілі.

Бұл енді салмақты тақырып буллинг тақырыбы. Осы сериалға түсу сізге қаншалықты жауапкершілік жүктейді?

Шоқан Чупанбаев, актер:

Негізі әрбір тақырып, әрбір түсіріліп жатқан сериал, біздің хикая болсын ауадан алынған жоқ қой. Бұл мәселе болғандықтан көтеріп жатырмыз. Сондықтан менің кейіпкерім арқылы, өзі сондай балалар көріп оның дұрыс немесе бұрыс екенін түсінсе деймін.

 

Көреалмаушылық, сатқындық, қатыгездік. 105 мектебінің оқушылары осы жаман әдеттерге ие. Бас кейіпкердің қарсыласы, әрі антагонист Азаматтық рөлін сомдау Аслан Бектеновқа бұйырған.

Аслан Бектенов, актер:

Жалпы мектепті ұстайтын жінітті сомдаймын. Жалпы айтқанда енді көп адам жақтырмайтын кейіпкер. Оның әдеті: буллинг жасау, балаларды ұрып соғу, балалғаттау.

 

Сериалдағы антагонистің сенімді досы Маха образын Айбарыс Сауытқан сомдайды. Оның айтуынша, режиссер актерлерге өз кейіпкерін еркін ашуға толық мүмкіндік берген-ді.

Бір импровизация болып жатыр ма?

Айбарыс Сауытқан, актер:

Еркіндік берілген соң, біз қалай сценарийде жазылды сол бойынша ойнауға тырысамыз, бірақ өзіміздің сөзімізді шынайы болуы үшін, арасында қосуымыз керек болады. Онсыз да болмайды деп ойлаймын.

 

Телехикая 10 бөлімнен тұрады. Түсірілімі небәрі 19 күнге созылған.

Шығармашылық ұжым төбелес сахналардың шынайылығын арттыру үшін кәсіби мамандардың көмегіне жүгінген.

Енді міне көзіңіз де көгеріп қалыпты. Төбелес сахналары көп екенін байқадық. Жалпы дублер бар ма немесе өздеріңіз үйрендіңіздер ме?

Шоқан Чупанбаев, актер:

Жоқ, арнайы каскадерлер бар. Nomad-тың каскадерлері бізге келіп төбелес сахналарын қойып берді, біз соны қайталадық. Сол кезде кадрда да әдемі, біздің де денеміз ауырмайды.

Даулет Бекмагамбетов, режиссер:

Басым көпшілігі, мектеп жасындағы балалар түсетін. Сондықтан да бұларға қарым-қатынас басқаша. Балаларды кейбір жерде алдайсың, кейбір жерде сол баламен бала боласың.

 

Бір қарағанда қарапайым білім ордасы болып көрінгенімен, оның көлеңкелі тұстары жетіп артылады. Момын Аслан енді батылдық танытып, мектептегі әділетсіз жүйені өзгертуге бел буады. Десе де буллингке қарсы тұрар оның жігері мен қайраты жете ме? Оны білу үшін бүгіннен бастап жұмыс күндері, сағат .18:00-де НТК арнасы қосулы болсын