Дастан Қуантаев, «Aport» моллдың маркетинг департаменті директорының орынбасары:
– Бүгін біз Апорттың туған күніне орай үлкендер мен кішкентайларға арналған мерекелік бағдарлама дайындадық. Ал ең бастысы бір келушіге пәтер сыйлаймыз. Бұл біздің дәстүр десек артық айтқанымыз емес. Себебі, биыл біз 8-пәтердің иесін анықтаймыз.
Ұтысқа ойнатылатын үйдің сапалы болуы да ескерілген. Жеңімпаздың көңілінен шығу үшін комфорт санатындағы пәтер таңдаған екен.
Әмір Кеңесұлы, ұтыс ұйымдастырушысы:
– Біз 1 бөлмелі пәтер ойнаттық. Толығымен заманауи техникалармен жабдықталғанын айта кетейік. Электронды кілт, face id де бар. Желтоқсан айында қолданысқа өткіземіз.
Қайрат Таңатаров, ұтыс жеңімпазы:
– Ұтамын деген ой болып, соған келдім ғой. Ұтысқа сенемін… Апорттың өзі ұнайды. Кең, көлік қоятын орындары да көп. Ана жолы ғана мақтап жүр едім.
Жылда келушілерін қуантатын АPORT MALL бұл жолы да пәтермен шектелмеді. Ойын-сауық орталығында сауда жасап, сатып алған затының түбіртегін тіркеген қонақтар арасында 100 мыңдық 10 сертификат пен техникалық жабдықтар ойнатылды.
АPORТ MALL EAST-тің салынуы қала инфрақұрылымының дамуына айтарлықтай әсер етті. 2 жылда сауда ойын-сауық кешені орналасқан аймақта тұрғын үйлердің саны көбейгені де жасырын емес.
Дастан Қуантаев, «Aport» моллдың маркетинг департаменті директорының орынбасары:
– Алматының шығыс бөлігінде қарқынды құрылыс жұмыс жүріп жатыр. Осы жылы екі жарым миллион шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілепді. Біздің Апорт орналасқан аймақта тұрғындардың саны кейінгі 1 жылда 106 мыңнан 107 мыңға артқан. Әрине біз мұндай өзгерісте қуаныштымыз. Біз өз кезегімізде, қала тұрғындары мен қонақтарын күтуге дайынбыз.
АРORТ MALL келушілерін қуантуға қашан да асық. Сондықтан келер жылы болатын ұтыстан құр қалмаңыз, көрермен. Кім білсін, мүмкін келесі пәтердің кілті сізге бұйырар.