Эксклюзив! Жұлдыз Өмірғали толықметр таспаламақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жұлдыз Өмірғали, актриса:

Адам планка қойып арманына жеткісі келеді ғой. Менде осы бұйырса аман-есесн дүниеге баалмды әкелгеннен кейін жоспарда кино түсіру. Сценарий жазу процесіндемін қазір.

 

Жұлдыз сценарист болуға да бекініп отырған сыңайлы. Себебі, толықметрінің желісін өзі жазып жатыр екен. Аталмыш саланың барлық қыр-сырын меңгеріп, жақсылап зерттеген соң ғана кірістім дейді.

Жұлдыз Өмірғали, актриса:

Шынымды айтсам жарты жылдан асты уақыт. Сценарийге қатысты барлық кітаптарды оқыдым. Ютубты да зертеу жұмыстары болып жатыр.

 

Комедия жанрындағы фильмнің түсірілімі ақпан не қаңтар айында басталады дейді. Жолдасы Айқын Төлепберген жарының бұл бастамасын қолдаған екен.

Жұлдыз Өмірғали, актриса:

Тақырыбы - келін іздеу. Келін іздеу процесі.

Неге мұндай тақырыпты қозғағыңыз келді?

Қызық қой, інілеріме келін іздеп жүреміз..

 

Сәттілік серігіңіз болсын дейміз. Нәтижесін үлкен экраннан көруге асық көрермен көп екені сөзсіз.