– Сәнқойлар Eurasian Fashion Week-тің 10-маусымындa! Апталықтың биылғы тақырыбы –«Ұлы Жібек жолы». Яғни дизайнерлер топтамалары арқылы қазақ ұлтының мәдени мұрасын көрсетпек. Ендеше әдемілікке бірге куә болайық!
Fashion апталықтың алғашқы күні баспасөз-конференциясымен басталды. БАҚ өкілдеріне арналған отырыста дизайнерлер өз топтамаларын ұсынудағы негізгі мақсатымен бөлісті. Сонымен қатар, жиында шығармашылық ұжымның ресми серіктестері де бой көрсетті.
Алекс Сорбонн, «Eurasian Fashion Week» серіктесі:
– Eurasian Fashion Eurasian Fashion Week жоғары дәрежедегі сән мен сұлулықтың салтанаты.
Евгений Фоминых, «Eurasian Fashion Week» серіктесі:
– Бұл шоу бізге заманауи сән әлемінің ғажайыптарына куә болуға мүмкіндік берді.
Шара басталмас бұрын Eurasian Fashion Week-тің амбассадоры Анель Кенжебекованы көзіміз шалып қалды. Подиумда өнер көрсетуі керек блогер неліктен сахна сыртында емес, көрермен қатарында жүргенін өзінен сұрауды жөн көрдік:
Анель Кенжебекова, блогер:
– Негізі мен бүгін де шығуым керек болғанмын. Бірақ мен қазір тез бір топтаманың ғана танысьырылымын көріп кетемін. Сондықтан да бас тарттым. Өйткені толықметр фильмге түсіп жатырмын. Сонда кетемін.
Анель Кенжебекова кино нарықты бағындыруды көздесе, блогер BotaMia модельдік мансабына білек-сыбана кіріскен сыңайлы. Сылқым бір кеште екі бірдей дизайнердің туындысын таныстырды.
Eurasian Fashion Week-тің бірінші күнінде 11 кәсіби дизайнердің топтамалары ұсынылды. Сән көрсетелімнің шымылдығын түру қазақстандық сәнгер Сергей Шабунинға бұйырды. Ол коллекциясы арқылы заманауи стильді ең жоғары сапада көрсетуге тырысқан.
Әлемнің түкпір-түкпірінен келген дизайнерлер өздерінің үздік жұмыстарын ұсынды. Жоба авторының көзіне түскен Корея елінің азаматы әрі шараның хэдлайнері – Чунг Хун екен.
Ирина Байжанова, «Еurasian Fashion Week» бас продюсері:
– Ол нағыз марапатқа лайық жан. Әрдайым барлық сән апталықтарға қатысады. Париж, Лондон фэшн уиктерінде де бой көрсетіп жүрген дизайнер. Оның графигі тығыз. Бірақ ол Қазақстанды ерекше жақсы көретінін айтып, Алматыға қуана ұшып келді.
Чой Чунг Хун, дизайнер (Корея):
– Бұл менің Eurasian Fashion Week-ке үшінші мәрте қатысуым. Қазақстан, Еуразия және Орталық Азия дизайнерлерінің жұмыстарына көз салған сайын, олардың қарқынды дамып келе жатқанын байқаймын. Оған қоса, өз ісін сүйетін мамандардың энергиясы мені ерекше шабыттандырады.
Eurasian Fashion Week шектеулер мен таптаурындарды бұзатын шығармашылық кеңістік. Оған дәлел ресейлік дизайнер Алена Чекалеваның коллекциясы:
Ирина Байжанова, «Еurasian Fashion Week» бас продюсері:
– Ол өзімен бірге жасы үлкен модельдерін алып келеді. Бізде жас шектеуі жоқ, сондықтан 40-тан асқан әйелдерде подиумға шығуға толық құқылы.
Fashion шара талғамы биік, көзі қырағы көрерменді бір алаңға тоғыстыртын ерекше мереке. КешYOU тобының экс-солисі Назым Әбілдина да мәдени кештерден қалмайтын арулардың қатарында. Әнші дтзайнерлік жұмыстардың ұнағаны соншалық, кейбір образдарды сатып алуға дайын екенін айтты.
Назым Әбілдина, әнші:
– Бүгінгі көрсетілген топтамалардан маған ұнағаны Маруся дизайнердің киімдері өте әдемі, менің стиліме ұқсайды десем болады. Жалпы біздің мода индустриямыз жоғарыға көтеріліп келе жатқаны маған өте ұнайды.
Отандық және шетелдік дизайнерлерді жинаған Eurasian Fashion Week-тің бүгінгі қызықтары осы! Ал келесі эфирде біз үздіктерді анықтайтын боламыз!