Сүйінші! «Taboo» жаңа маусымын бастайды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Шаһ-Керім Кәрмен, тележүргізуші:

Мен енді кішкене филдософиялық бағытта, немен айналысып жүрсің, оның мән-мағынасы не деген дүниелерге көбірек назар аударғым келеді, Адамның тұлғаның өзінің істеп жүрген ісіне көбірек үңілсем деймін. Миссиясына...

 

Жаңа маусымның алғашқы қонағы – Нұрбек Нұртаза. 7 млн оқырманы бар блогер біздің көрерменге жақсы таныс. 3 жыл бұрын Табуда берген сұхбатында оқырманы өзге қырынан танып, бағдарламаның сол саны 390 мың қаралым жинаған екен. Бүгін де бүкпесіз әңгіме құруға дайнымын дейді танымал.

Just Kiing, блогер:

Адам инстаграмнан көргенде бәрін білмейді, адамның ішкі құрылысын, биографиясын, ал сұқбат адамның болмысын ашады. Мұндай әңгімелер жаңа көрерсенді тартуға көмек береді.

 

Табу бағдарламасы тек Қазақстанда емес, алыс-жақын шетелде де танымал. Мәселен жобаны көретін Өзбекстандық көрерменнің үлесі 5% екен. Статистика Қырғызстан мен Ресейлік жанкүйерлердің де барын көрсетеді. Айырқалпақты ағайындардың еншісінде 2,9%. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі көрермен, жаңа маусымдағы өзгерістерді оң қабылдайды деген сенімдеміз.

Just Kiing, блогер:

Сұхбат алушы ұл ма, қыз ба маған айырмашылығы жоқ. Мен үшін тек профессионал деген ұғым бар. Жәй ғана кей сұрақтарға жауап беруге болмайды, ал кейбіріне жауап бересің.

 

«Таboo» бағдарламасы ертеңнен бастап эфирде. Сүйікті жұлдызыңыздың ел білмейтін құпияларынан хабардар болғыңыз келсе, НТК арнасы қосулы болсын.

Шаһ-Керім Кәрмен, тележүргізуші:

Құрметті көрермендер, Таboo бағдарламасы сіздерге таңсық емес. Бірақ қазір жаңа маусым басталып жатыр. Тізгінін өзім ұстап жатырмын Жақсы сұхбат пен тұшымды әңгіме болады деген сенімдемін.