«105» сериалының актерлерімен фан-кездесу өтті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Маған 105 сериалы қатты ұнады. Енді ішінде кім ұнады десе, Аза ұнады. Өте рөлін жақсы сомдады.

105 сериалда Асланның рөлі өте қатты ұнады. Буллинг өте қатты ашылған.

 

Ресми статистикаға сәйкес, Қазақстандаорта есеппен балалардың 17,5%-ы, ал жасөспірімдердің 14%-ы буллингке ұшырайды. Ел болашағының қыршыннан қиылып жатқанына бей-жай қарай алмаған жоба авторлары 1 ай бұрын «105» сериалын ұсынған еді.

 

Жансерік Жаңаберген, Алматы қ. Жетісу ауданының прокуроры:

Статистикаға сәйкес қазір Алматы қаласында соңғы өткен кезеңде, яғни 9 айдың қорытындысымен 220 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген именно осы жасөспірімдермен жасалған.

 

Зерттеулерге сүйенсек, қанды қол қылмыскерлердің басым көпшілігі мектеп қабырғасынан шығатыны анықталған. Осы жәйттардың алдын алу мақсатында күні кеше Алматы қаласы прокуратурасы мен «105» сериалының ұжымы күш біріктіріп, арнайы профилактикалық шара өткізді.

Жансерік Жаңаберген, Алматы қ. Жетісу ауданының прокуроры:

Бүгінгі іс-шарамыздың мақсаты мемлекет басшымыздың «Заң және тәртіп» деген концепциясы бар. Сол концепцияның аясында біз жасөспірімдер арасында профилактикалық іс-шара өткіздік.

 

Телехикая кейіпкерлерімен сұқбат барысында мектеп оқушылары көкейіндегі сұрақтарды қойып, замандастарымен ашық тілдесті.

Жансерік Жаңаберген, Алматы қ. Жетісу ауданының прокуроры:

Себебі «105» сериалын әсіресе мына жас балалар көп көреді. Осы жас балалардың сөздеріне құлақ асады.

 

Сонымен қатар, интерактивті ойындар ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға жоба ұжымы сыйлықтар табыстап, мектеп оқушыларын қуантты.

Сабина Рүстембек, актриса:

Дәл қазіргі сәтте көңіл-күй өте керемет. Себебі, кездесу де өте күшті, өте жоғары деңгейде өтті. Қаншама осы «105» сериалын көрген фанаттарымыз келіп, суретке түсіп жатыр. Бізге келіп сыйлықтарын беріп жатыр. Осының бәрі өте күшті сезім.

Шоқан Чупанбаев, актер:

Ұйымдастырылуы ұнады маған. Конкурстары қызық жаңағыдай мерчтар беріп жатыр. Менің өзім ойнағым келіп кетті қатысып.

Аслан Бектенов, актер:

Олар осы біздің «105» сериалды көру арқылы, оларға әсер еткен және осы сериалдағы болып жатқан жағдайларды өмірде қайталамау керек екенін түсінгенін байқадым. Сол үшін қатты қуанып қалдым іштей.

Айбарыс Сауытқан, актер:

Бізді қазіргі таңда көп шынымен осындай жақтар шақырып жатыр. Оның барлығы осы сериалдың өзекті болғанынан деп ойлаймыз.

 

Құлақтарыңызға алтын сырға! Резонанс тудырған «105» сериалының 2-маусымының түсірілімі жүзеге асуы әбден мүмкін...

Айбарыс Сауытқан, актер:

1 сезонда біз барлығын айттық: «1 сезонда жақсылап қолдасаңыздар, әр сериялар миллионнан түспейтін болса екінші сезон мүмкін түсіріп қалармыз» деген. Бірақ нақты бізде түсіреміз деген әлі нақты байлам жоқ. Бірақ түсіру ықтималдығымыз жоғары секілді.

Бұйырса күтілуде.

 

Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы! Балалар мен жасөспірімдердің тұлға болып қалыптасуына ең үлкен ықпал ететін мектеп қабырғасы екенін еске саламыз көрермен! Оған сіз де, біз де жауаптымыз...