«Джей Ло-дан асып түсті!» Қайрат Нұртас Орталық Стадионды 35 мың тыңдарманға толтырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мөлдір Нұрғалиқызы, тілші:

Бұл күнді бәрі күтті. Себебі, Қайрат Нұртас тұңғыш рет ең ауқымды концертін өткізбек. Ендеше легенданың ән кешін бірге тамашалайық.

 

Қайрат Нұртас соңғы рет жеке ән кешін 10 жыл бұрын Астана қаласында өткізген еді. Эстрада жұлдызы сол уақыттан бері тек түрлі концерттер мен ауқымды фестивальдерде хедлайнер болып өнер көрсететін. «Енді уақыт келді!» деп легенданың соло шара өткізуіне мұрындық болған блогер -Жансерік Қадырбаев.

Жансерік Қадырбаев, ұйымдастырушы, блогер

Қайрекеңмен бір дастарханда отырып қаламын. Аға осы Алматының Орталық Стадионында 30 мың адамға коннерт беретін уақыт келген жоқ па? «Келді!» дейді ғой, қарап тұрады да: және оны сен істейсің!- деді.

 

Қайрат Нұртас концертте ағынан жарылып, тыңдарманымен сырласты. Өнерде жүргеніне 20 жыл болған артист, жеке шығармышылығы үшін соңғы тиынын да қиған кездерімен бөлісті.

 

Кеш нағыз КN-ның стилінде өтті. Келген 35 мың мейманға Қайраттың сүйікті аксессуары – көзілдірік таратылды. Тіпті Нұртас сахналық киімін де фанаттарға сыйға тартты. Ауқымды концерт сондай-ақ, үлкен лэд экран, 3D эффект және талантты бишілермен ерекшеленді.

 

Жансерік Қадырбаев, ұйымдастырушы, блогер:

10 жасар Жансерікке 2025 жылы Алматының Орталық Стадионында өтетін концертімді сен жасайсың десе мен қойыңызшы аға қумаңызшы дейтін ем.

 

Кәсіби бишілермен қатар, Қайрат Нұртастың екінші қызы Алау да әкесінің қалауымен сахна төрінен табылды. Легенданың ханшайымы тіпті арнайы шақырту бокстарына дейін өзі таратқан. Ал үлкен ұлы Нарұл болса, әкесінің киімін тасып, барынша қолдау білдіріпті.

Алау Қайратқызы, Қ. Нұртастың қызы, блогер:

Әкеме жарайсың дегім келеді, мен ол кісіні мақтан тұтамын және өскенде әкем сияқты танымал тұлға болуға ұмтыламын.

Нарұл Қайратұлы, Қ. Нұртастық ұлы:

Мен өзімнің әкеммен мақтанамын. Себебі менің әкем легенда. Бір сөзбен айтқанда. Әкеме көмектесіп жүрмін, киімін тасып, солай көмектесіп жүрмін. Қонақтарды күтіп.

КN-нің отбасы ұйымдастыру жағына жәрдем берсе, Қайраттың өнердегі әріптестері қонақ болды. Тізімде, «Ирина Кайратовна», «Ninety One» және Nazima бар. Еске салсақ, Nazima мен Қайрат таяуда ғана «Қайдасың» атты трек ұсынды.

NAZIMA, әнші:

Бізде осындай тамаша тандем борлғанына қуаныштымын!

 

Ауа-райының салқындығына қарамастан концерттегі атмосфера өте ыстық. Келген тыңдарман өнер иесімен бірге ән шырқап, би билеп, кешті жандандыра түсті.

Sabirkin, блогер, актриса

«Алматының түндері-ай». Мынандай масштабтағы концертті Қайрат ағамыз ғана жаса алатын сияқты.

Санжар Мәди, актер:

Халық Джей Лодан да көп жиналды!

Аңсаған Садирханов, стендапер

Кім Алматыда емес, мына концерт келмегендеріңе өкінесіңдер. Өте күшті.

Жазира Еркін, актриса

Қайрат жалғыз әнші осылай барлығына сүйікті бола алатын. Махаббат сыйлай алатын..

Мөлдір Нұрғалиқызы, тілші:

Ол осыдан 20 жыл бұрын праймда еді. Әлі де солай. Бұған дәлел бүгінгі солд-аут кеш. Орталық алаңға жиналған 40 мың көрермен. Қайрат Нұртас өзінің «легенда» екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Әсел Қалиева, актриса:

Қайрат біздің қазақтың баласы и полный зал 40 тысяч как один встали и танцуют.