АҚШ-та дүниеге әкелгім келді: Назым Әбілдина cәбиін неге елде босанғысы келмеді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Назым Әбілдина, әнші:

Әу баста, кішкене ауырып қалдық. Бірақ қазір жақсы. Кішкентайымда күтушім бар. Екіншісін аламыз деп ойлағанбыз. Бірақ қаражат жағынан ойлап тұрмын әзірше өзім қарай аламын, күйеуім бар. Керек емес деп ойладым. Мүмкін алдағы уақытта көре жатармыз қалай болатынын.

 

Тұңғышын АҚШ-та дүниеге әкелген әнші бұл жолы елде босанған екен. Өзіне салса тағы да құрлық асуға дайын еді. Бірақ күтпеген жағдай бәрін өзгерткен.

Назым Әбілдина, әнші:
Осы жолы біз Америкаға барамыз дегеннен жоспар болды. Билеттер алынды. Ақша төленді. Негізі бару керек тұғынбыз. Сондағы жергілікті дәрігер жазып жүрген маған негізі. «Қашан келесің, қашан келесің,»- деп. Сол ерте туып қойдым. Сондықтан болмай қалды.

 

Шетелде босанғанына қарап, елдегі мамандарға көңілі толмай ма деп топшыладық. Алайда «жергілікті дәрігерлерге тағар мінім жоқ»,- дейді. Жай ғана ұлдарына АҚШ азаматтығын сыйлағысы келген екен.

Назым Әбілдина, әнші

Әрине толады. Бізде негізі жақсы- жақсы үлкен мамандар бар. Медицина бойынша мықты невролог, кардиологтар баршылық. Гинекологтар өте көп жақсы.