Шоу-бизнестегі дау! Танымалдардың ажырасуын әріптестері қалай қабылдауда?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мөлдір Мұқан, кинопродюсер:

Сіздерге шындықты айтайыншы, бәрін айтатын сәт келді.
 

Мөлдір Мұқан осылай деп желіні біраз шулатты. Көпшілік хайп деп топшылаған еді, бірақ 14 жылдық оқиғасын баяндаған соң иланды. Халық осы мәселесіні талқылап жатқаны сол еді ақпарат алаңына әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы Фариза, артынша Ақсұңқар деп танылған музыкант жары блогер Арай шықты.

 

Біреуді жақтап, екіншілерін даттаудан адамыз. Бірақ болған оқиға үнсіз қалдырмады. Қызметімізге сай, микрофон ұсындық, шоу-бизнес өкілдері, блогерлер де қоғамда қызу талқыға түскен тақырып жайлы үн қатты.

Қанат Тасхан, актер:

Мақұл ажырассын! Қазақта сөз бар ғой «бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» дегендей, адам ажырассын басқа қылсын, бірақ әңгіме сол отбасының ішінде қалу керек деп ойлаймын. Оны қалың қазаққа жария етіп, мына өскелең ұрпаққа «ажырасу» деген жаман ұғымның оңай екенін көрсетпеу керек.

 

Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі. Оқырмандар ред-флаг тізіміне қоспай тұрғанда ақ-қарасын ажыратып айтқан мына әңгімеңізден де хабардар етейік.

Қанат Тасхан, актер:

Қыздарға тағар кінә жоқ. Біздің жігіттер ғой енді. Әйтпесе қазақтың кез келген қызын алып қарасаң тәрбиелі, тәртіпті. Қайсысын алып қарасаң да әдемі жар болатын аяулы ана болатын қыздар ғой.

 

Ажырасу мәселесіне қатысты Рамазан Амантай да пікір білдірді. Бұл ұлттың трагедиясы дейді актер.

Рамазан Амантай, актер, кинопродюсер:

Сол ажырасу деген дүниені, ол үлкен трагедия ғой енді. Үлкен трагедия. Ортада бала қалатыны. Ол баланың жәутеңдеп өсетіні, барлығы да үлкен трагедия. Қазір айтуға да қорқасың бір жағынан. Мен енді кейбір отырыстарда келіншегіме деген махаббатым оянып кетіп мақтап айтсам бір кішкене ыдыс-аяқ сылдырлап кететіні бар. Өйткені махаббат, сыйластық деген дүние, екі жұптың ортасындағы үлкен құпия ғой. Сол құпия қалпында қалған дұрыс деп ойлаймын. Сол үшін бәрін екеу болуға шақырамын.

 

Мәселеге тіл мен көзді айыптайтын тек Рамазан емес. Қабдол мырза да көп кесел осыдан дейді.

Қабдол Тлеков, Меховая 8/1 тобының мүшесі:

Бір нәрсе айтқым келеді негізі көп нәрсе, осы ұрыс-керістер ойлаймын көз я сөз тиюден болады. Сондықтан да шама келсе отбасыларыңызды көрсетпегендеріңіз абзал деп ойлаймын. Әріптестеріме деп қояды дейд.

 

Ал 2 жыл бұрын ажырасқан Сабина Мовлаева «әркім өзі біледі»,- деп қысқа қайырды.

Сабина Мовлаева, блогер:
Мен ешнәрсе айтпаймын. Әркімнің өз өмірі. Әркім өзі үшін жауап береді. Сол себепті, бәріне бақыт тілеймін. Ажырасулар аз болсын біздің Қазақстанда.

 

2025 жылдың қаңтар-маусым айларындағы ажырасу көрсеткішінен хабардар етейік. Статистика мынадай: жарты жіл ішінде 51,4 мың неке 21,5 мың ажырасу тіркелген. Сандарды сөйлеттік. Әрі қарай өзіңіз топшыларсыз.