Nepobaby-лер желіні жаулауда. Көш басында Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукаримованың ортаншы қызы Алау.
Алау Қайратқызы, блогер:
– Қандай да бір видеоны жүктемес бұрын ол кісілерден рұқсат аласың ба? Әлде шешімді тікелей өзің қабылдайсың ба?
– Ешкімнен сұрамаймын, мен өзім сала беремін.
– Кейін анаңның, әкеңнің тарапынан өшір не өшірме деген сындар айтыла ма? Жоқ керісінше, барынша қолдай ма?
– Жоқ, естімеймін ондай сөздерді. Себебі, олар мені қолдайды, есесіне комплимент айтады.
Ата-анасы қолдағанымен, көрермен тарапынан хейт бары жасырын емес. Көпшілік қаршадай қыздың образына жиі килігеді. Биін сынға алады. Қысқасы, отырса опақ, тұрса сопақ. Оқырман жазатын кері пікірлерді Қайратқызы қалай қабылдайды?
Алау Қайратқызы, блогер:
– Маған қиын. Бірақ ата-анаң қолдағанда, өзгенің ойынан қорықпайсың! Басқа адамдардың сөздеріне бәрібір.
– Барлық пікірлерді оқисың ба, әлде мүлде елемеуге тырысасың ба?
– Жоқ, кейде көз жүгіртіп қоямын. Себебі, хейт жазатын адамдар 40+ қой, өзімді бағалауым арттады. Әйтпесе, хейтерлерді де жазамыз.
Желідегі белсенділігіне қарап, көпішілігі әке жолын жалғайды деп болжауда. Болашаққа қатысты таңдауын өзінен сұрадық.
Алау Қайратқызы, блогер:
– Білуімізше, қазір мектептегі соңғы жылдарың. Мамандық таңдау мәселесіне қатысты ойыңды біле аламыз ба?
– Өзім артист болғым келеді. Бірақ анам дизайнерлік бағытқа бар дейді. Мен білмеймін әлі кім болғым келеді...