Әйгілі Abbey Road жайлы естігенсіз бе? Студияны ғаламға танытқан ондағы теңдессіз техника емес. Кеңістікті әлем білуіне онда The Beatles-дың альбом жазуы әсер етті. Бүгінде ол мұражай, бізше айтқандай ұлылыардың табаны тиген қарашаңырақ. Әр музыкант барғысы келеді, бар журналист ақпар таратуға асық. Abbey Road-ты қоя берші дедік те, микрофон мен камерамызды жетейтей өзіміздегі студиялардың біріне жеттік. Кімнің дейсіз ғой? Ендеше, бірге білейік...
Иә, Revue news Асе-тың студисында қонақта. 91-дің талай танымал тректерінен бастап жақында жарық көрген Қайрат Нұртаспен фиттері де дәл осы кеңістікте жарық көрген. Ең мықты деген студиялармен таласа алмасы анық, бірақ бүгінгі тыңдарманның репитіндегі талай музыка дәл осы қуыстай бөлмеде пайда болған екен. Асе-тің Жақында шығатын әні де осы жерде өңделген.
Acе, «Ninety One» тобының мембері, музыкант:
– Бізде нағыз эксклюзив десек артық айтқанымыз емес, себебі НТК көрермендері Асе мырзаның бөлдек деген әнін алғашқылардың бірі болып тыңдайды. Мен де бақыттымын, Себебі командадан кейін бағалай бұйырды. – Солай ғой?
– Иә.
Туынды Асе-тің репертуарындағы басқа әндерден ерекше. Себебі жанры бөлек. Бұл жолы тәжірибе жасап, армби, поп жанрын біріктірік, оны хип-хоп элементтерімен түрлендірген.
Acе, «Ninety One» тобының мембері, музыкант:
– Бұл әннің аты «Bolek». Бұл әнді толыққанды басынан бастап 0-ден бастап жаздық. Яғни битмейкер, саунд продюсермен бірге отырып, дыбыстарды таңдадық. Түрлі фишкалар жасауға тырыстық. Синтезатордың ішіндегі дауыстарды іздеп, сол арқылы ең басында қаңқасы шыққан болатын.
Әннің сөзіне де бей-жай қарамаған. «Мәтініне 4 бірдей ақын атсалысты»,-дейді музыкант. Бас-аяғы 8 ай пысықтаған релизіне бейнебаян да түсіріп үлгерген екен. 25- күні жарыққа шығатын клипінен үзіндіні де сіз бен біз алғаш болып тамашаламақпыз.
Acе, «Ninety One» тобының мембері, музыкант:
– Бізде оператордың өзі хореограф, жалпы би түсіре беретін операторлар енді аз. Бишіден артық кадрды жақсы сезетін адам жоқ деп ойлаймын. Сол себептеносындай симбиоз арқылы күшті бір ерекше дүниелер шыға бастады.
Әке атануға дайындалып жүрген АСЕ-тен шығармашылық шығындар жайлы сұрамауға болмады. Әр тиынды есеппен ұстайтын музыкант қаржылық сауаты жайлы жиі сөз қозғайды.
Acе, «Ninety One» тобының мембері, музыкант:
– Бастан аяқ бір релизді дайындаудың құнын біле аламыз ба? Бейне баянға дейін.
– Әр адамда әртүрлі жалпы. Негізі маған қатысты мен деген жалпы кішкене экономикалық тұрғыда өмірде ақшаны ақылмен қолданамын. Бірақ, шығармашылыққа келген кезімде өзімді тоқтата алмайды екенмін. Ал негізі толыққанды бір әнді алып, жақсы ойға дейін жеткізу негізі 7-8 миллион теңгедей құрайды екен. Өнерге құртқан ақшаны жинап, пәтер ала салып, тып-тыныш отыра берсем болар еді..
Асе мен үшін орны бөлек деген Бөлек релизы осы айдың 25і күні жарыққа шығады. Бейнебаян мен трек тыңдарманның жүрегіне жетеді деген сенімдеміз.