Өнерде де, өмірде де жұлдызы жарасқан қос ғашық! Көптеген отандық жобалар арқылы танылған Жасұлан Көпберген мен Ақерке Назарбекова «Ерекше» фильмінің түсірілім алаңында.
Жасұлан Көпберген, актер:
– Ақеркеге білген жоқпын бұл ұсыныс түскенін. Біз шынымен де білген жоқпыз. Кейін «Ақерке айтты мені де шақырып жатыр осы киноға», деп. Қатты қуандық бірге жұмыс істегенімізге.
Ақерке Назарбекова, актриса:
– Біздің бұйырса екінші проектіміз бірге иә бірге түскен. Қызық негізінде мен таңқалдым екеумізді бірге алған кезде.
Бір қызығы, кастинг директоры Жасұлан мен Ақеркенің өмірде жұп екенін білмеген болып шықты. Бірақ ғашықтардың ара-қатынасы түсірілімнің сәтті өтуіне ешқандай кедергісін келтірмеген-ды.
Жасұлан Көпберген, актер:
– Бірақ енді бұл нәрсеге біз өте кәсіби тұрғыда қараймыз. Жұмыс жұмысымен. Ондай жерде ешқандай жеке өмірдегі сезімдерімізбен араластырмаймыз оны.
«Ерекше» толықметрі мүмкіндігі шектеулі қайсар жандарға арналады. Картинада Жасұлан Көпберген лакшэри өмір сүріп үйреніп қалған Арман есімді рухани мүгедек жігіттің рөлінде.
– Мен өзім актер ретінде бір ой тастайтын киноларды жақсы көремін. Адамға бір ой салатын. Енді кино деген ол жаңағы үлкен қару ғой адамның ойын, санасын өзгерте алатын. Мен жақсы жаққа өзгерткім келеді.
Арманның сән-сәлтанатқа толы күндері бір күні аяқталады. Ол ащы судың құрығына түсіп, көлік айдағаны үшін тәртіп сақшылары оны қоғамдық жұмыс істеуге міндеттейді. Кейін өз жазасын өтеу үшін спорт кешеніне келген бас кейіпкердің өмірін Әйгерім есімді ару түбегейлі өзгертеді.
Ақерке Назарбекова, актриса:
– Оның бауыры болады Дидар деген «ерекше» бауыры болады. Дидар дүниеге келген кезде әкесі отбасын тастап кетеді да, Әйгерім болса бүкіл жауапкершілікті, қамқорлықты өз мойнына алады.
Ал Әйгерімнің інісі Дидардың рөлі 13 жасар Расул Бауыржанға бұйырған. Жас актердің кейіпкері мүгедек жандарға арналған инклюзивті спорт түрі «боччаның» шебері болады.
Расул Бауыржан, актер:
– Дидар кейіпкері біраз шүкіршілігімді арттырды негізі. Біраз нәрсеге шүкіршілік етпей жатамыз.
Фильмнің түсірілім күні 18 күнге жоспарланған. Картина мәдени астанамызда таспалануда. Толықметрдің режиссері – Ернар Нұрғалиев, ал сценарий авторы – Сержан Серікбай.
Сержан Серікбай, сценарий авторы:
– Сценарийдің жазылу уақыты шамамен бір айдай болды. Бізде уақыт өте аз болды да. Сонымен бір ай уақытта полный жаңағы дайындығымыз бар, жазу жұмысымыз бар. Идеядан бастап, бір ай уақытта жазып бітірдік.
Туынды келесі жылы көрерменге жол тартпақ. «Ал одан түскен қаржы қайырымдылыққа жұмсалады», дейді жоба авторлары. Ендеше үкілі үміт пен риясыз сенім жетелейтін мықты жандар жайлы туынды көптің жүрегінен «ерекше» орын алсын дейміз.