Араға 6 жыл салып, танымал музыкант Сон Паскаль сахнаға қайта оралды! Қазақ аруымен шаңырақ құрып, келіншегін өз отанына алып кеткен италиялық әнші биыл қайын жұртқа оралды. Оған себеп шығармашылығымды қолға алу дейді өнер иесі.
– Мен ән жазып, жұмыс істеу үшін Қазақстанға әр ай сайын келемін. Мен бүгін аудиторияға жаңа туындымды ұсынамын.Тыңдарманның реакциясын көреміз. Мен бұл жолы мүлдем бөлек бағытты байқап көргім келді.
Сон Паскаль жаңа туындысын өнердегі досы, музыкант Интроверттің соло концертінде ұсынды. Айта кетейік, әнші бұл кеш үшін арнайы Италиядан ұшып келген екен.
Son Pascal, музыкант :
– Ол сапалы әндер жазатын артист. Айтпақшы, екеуміз бір-бірімізге ұқсаймыз және ол жүрегі кең азамат.
Интроверт 2013 жылдан бастап ән жазып, тыңдарманын лирикалық тректермен қуантып жүрген талантты артист. Десе де, өнерде жүргеніне ұзақ уақыт болғанына қарамастан, музыкант соло кешін биыл беруге шешім қабылдаған.
IntroVert, музыкант:
– Бұл концерттің тақырыбы «Настольгия». Кеште менің ескі әндерім шырқалатын болады. Ол туындыларды менің фанаттарым сағынанына сенімдімін.
Трек-листте 22 релиздың барлығы жанды дауыста, лайф-бэндтің сүйемелдеуімен шырқалды. Артисті қолдауға өнердегі достары келді.
Zhenis, музыкант:
– Енді болашақта бұйырса бізде Интровертпен бір ойдағы бір feat бар. Жанры лирика. Өте әдемі лирика. 100 пайызға хит деп ойлап тұрмын.
Интроверт есімімен танылған Дияс Аябектің тректері музыкалық чарттарда көш бастамаса да, ол өзіндік фан-базаға ие артист. Кешке тыңдарман кумирлерінің алғашқы концертіне куә болғанына қуанышты екенін айтып, эмоциясын жасыра алмады.
– Дияс Аябекті қашаннан бері тыңдайсыз?
– 2015 жылдан бастап.
– 6 жыл бұрын тыңдап бастағанмын ең алғашқы альбомдары шыққан кезде. Содан бері тыңдап келе жатырмын.
– Негізі мен Интровертті өзім 8-9 сыныптан бастап тыңдаймын.
– Қай әндерін ерекше жақсы көресіз?
– Бұрынғы альбомындағы «Аврора» немесе «5 утра» деген өлеңдерін жақсы көремін.
– «Любовь» және «Зимняя» деген олд-скул әні.
– Ең бірінші тыңдаған сол «Титаник» деген әні болған шығар.
– «Она волнуется», «Зимняя» деген. Осы өлеңдері прям на репите.
Интроверт бұл концертпен шектеліп қалмақ емес! Өнер иесінің алға қойған мақсаты мен жоспарлары жетерлік.
IntroVert, музыкант:
– Үлкен қалаларда ән кешін беру жоспарымда бар. Алда ақпан айында Шымкент қаласында, кейін Бішкек қаласында концерт беремін.