ONE SHOT TOUR! Say Mo-ның алғашқы туры Алматыда өз мәресіне жетті. Концерт берген орындаушы кеш ортасында жедел-жәрдем көмегіне жүгінуіне мәжбүр болғаны рас па? Неге өнер иесінің денсаулығы сыр берді? Шығармашылық шығын қалтасынан қақты ма?
Рэп орындау стилі, биі мен ашық образдарын ұқсатса керек, көпшілік оны Қазақтың Карди Биі деп атайды. Өзін қалың көрерменге Say Mo деп таныстырып, брендін қалыптастырған Мөлдір Есембектің алғашқы ауқымды кешіне біз де ат басын бұрдық.
Назым Әбілдина, әнші
- Моля молодец, осының бәрін өзі жасап, өзінің еңбегі ғой негізі. Кішкентай қадаммен осындай жерге жеткені ол үлкен еңбек. Сондықтан Моля сен кереметсің. Мынау жаңа ән маған өте қатты ұнады.
Nurik Smit, рэпер
- Өте керемет өтіп жатыр. Келгеніме 15-20 минут, но 15-20 минутта 1 кг су шығарып тастадым.
Көрермен де әріптестері де дән риза. Мұны әлеуметтік желідегі толассыз құттықтау хаттарынан аңғару қиын емес. Бірақ Say Mo-ның өзі бұдан да жақсы нәтиже күткен сыңайлы.
Say Mo, рэпер
- Әрине өсу керек әлі. Көптеген жгмыстар бізді кнтіп тұр. Көңілімнен шықты деп айта алмайм.
7 қалада тур өткізуге бекінген Say Mo «біраз қаржыдан қағылдым»,-дейді. Шығармашылық шығындарға бас ауыртқысы келмесе керек, енді демеуші табылмаса концерттерден бас тартуға дайын.
Say Mo, рэпер
- Турды енді білмейм келесі жылы қалай болатынын, спонсор болса ғана, бүкіл қалаға спонсор болса ғана шығуға дайынмын. На нуле, ақша жоқ, но көңіл-күй керемет.
Концерт қызған шақта күтпеген жағдай орын алды. Сахна артына жедел-жәрдем мамандары ағылып, медицианалық көмек көрсетті. Say Mo дайындықтың салдарынан денсаулығы сыр берген жасырмады.
Say Mo, рэпер
- Капельница - база. Аяқ деген енд айта алмайм, ештеңе сезіп тұрғанып жоқ. Келесі жоспар, ендігі мақсат қандай?
Демалу! Өзіңе көп алмау керек та арасында, себебі денсаулық деген кетіп қалса иммунитет түсіп кетсе қиын болады. Ондайды астананың алдында, 7 қараша астанада болды ғой, соның алдында түсіндім. Өзіме көп алып, мынаны істейм, мынаны істейм деп қатты перегруз болып кетті. Сөйтіп шаршап ауырып қалдым.
Кеште гүл ұстаған талай серіні де көз шалды. Барлығы дерлік сахнаға шығып, Say Mo-ны құттықтағысы келгенімен күзетшілер мұрша бермеді. Сыйын арқалағандардың бірімен тілдесіп көрдік.
- Иә, мен оның фанатымын. Бұл әдемі гүл шоқтары сұлу Say Mo-ға. Маңызды күні құттықтап, осыны ұсынғым келеді.
Осылайша, ONE SHOT TOUR – нағыз шоуға айналды! Рэпер бұл кешке тыңдарманның көңілінен шығу үшін барын салды. Тіпті әр образын жіті дайындаған. Ал бұл эпатажды луктың авторы – «ARUNAZ» сән үйінің дизайнері Назым Қарпықова. Идея Моляның өзіне тиесілі.