Блогер Bota Mia-ның Асқар Оразбаевпен ара-қатынасын тоқтатуына не себеп?

Сообщить о проблеме с эфиром

Bota Mia мен Асқар Оразбаев жұбы көптің талқысында. 2 жыл көңіл-жарастырған инста жұлдыздар жақында той деп сүйіншілеткен еді. Микрофон мен камераны алып, қуаныштан хабар таратамыз ба десек, күтпеген мәлімдеме жасап, айырылысқандарын хабарлады.

- Асқар үшін ара-қатынас аяқталды ма? Әлде бұл уақытша үзіліс пе?

- Асқар үшін уақытша.

- Бота үшін?

- Мүмкін аяқталған шығар. Ол жағын алдағы уақытта білеміз.

«Жайдарман» жұлдызы Асқар іске кіріскенше, мән-жайды анықтамаққа бекіндік. Кештердің бірінде бой көрсеткен Bota Mia -дан ара-қатынасы жайлы ашық сұрадық.

Bota Mia, блогер:

- Біз Асқар мырзаны біраз қинадық, тергедік негізі. Асқар әлі де үмітті екенін жасырмады. Ол үшін бұл уақытша үзіліс. Ал сіз үшін ше?

Болашақта былай болады, былай болмайды деп айта алмаймын. Бірақ қазіргі таңда ара-қатынас толықтай аяқталды және үзіліс не болмаса уақытша екі жақтамыз деп айта алмайм. Менің көзқарасым бойынша нақты нүктесі қойылды.

Көптің көкейіндегі сауалға осылай деп жауап берді. «Нақты қадамдар болмаған соң ара-қатынасты тоқтатуға тура келді», - дейді блогер-ару.

Bota Mia, блогер:

- Париж төрінде «I said Yes!» дедіңіз, ұзатуға дайындалдыңыз, той деп сүйіншілеттіңіздер. Енді не жетіспеді?

- Негізінде менің уақытым деп ойлайм. Менде қыз баласы болғандықтан андай жоспарлайсың, бірақ ол уақыттан бәрі созылып жатқан соң ойлайсың онда бәлкім осы жерден маған оңға бұрылу керек деп уақыт жағы шығар

- Қыздарға уақыттарыңды үнемдеңдер деген ақыл айтқыңыз келе ме?

- Ара-қатынаста да отбасында да бізде шешім қабылдайтын енді ер азамат қой. Ер азаматқа иығымызды сүйегеннен кейін біздің өміріміз уақытымыз ресурсымыз сол азаматқа арнадды. Сол үшін ол адам шешімд тез қабылдап, пландарыңызды орындап тұрса сол азаматпен бірге болу керек. Ал егер сіз сезсеңіз уақытыңыз кетіп жатқанын, энергия кетіп жатқанын онда ол ара-қатынас сіздікі емес.

Таяуда ғана Асқармен ат құйрығын үзіскен Bota аз ғана уақыт өткенінен қарамастан жаңа қарым-қатынасқа дайынмын дейді. Бәрі оңынан шешілсе тұрмыс құруға да ниетті екенін жеткізді.

Bota Mia, блогер:

- Соңғы сұрақ болсыншы. Bota Mia жаңа қарым-қатынасқа дайын ба?

- Осыны оқырмандарым сұрап еді. Негізінде ашықпын. Өйткені жасвм 27-ге келейін деп қалды, биыл 27-ге толам. Менің ойымша, егер өз адамымды кездестіріп жатсам тұрмыс құруға да, жаңа ара-қатынасқа да дайынмын.