Ғалымжан Молданазар 15 жылда алғаш рет өзінің ауқымды жеке кешін өткізді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Музыкант Молданазар ән кешін берді! Бірақ бұл жолы әдеттегідей шағын кеңістікте емес, үлкен концерт залында. Десе де, шара өнер иесінің көңілінен шықпаған сыңайлы. Мінсіздікті сүйетін жұлдызға діттеген мақсатына жету жолында қаржының жетіспеушілігі кедергі болғаны рас па?

 

Ол феномен! Кәсіби музыкант, талантты композитор. Молданазардың концертін фанаттар көп күтті және сол армандарына жетті! Жанкүйерлер бұл жолы Ғалымжанның өнерін шағын кеңістікте емес, үлкен залдан тамашалады.

Ғалымжан Молданазар, музыкант

- Енді біз үшін бөлек концерт. Өйткені, біз клубтарда тұрып тұратын еркін жүретін, билейтін, бізбен бірге айтып сондай концерттерге үйреніп қалғанбыз. Иә содан кейін жанағы тыныш отырған адамдардың алдында жанағы билеп, ашылу қиын екен.

Молданазардың концертінде сахнада 80-ге жуық музыкант өнер көрсетті! Ғалымжан симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен трэк-листтегі барлық әнді түгелдей жанды дауыста орындап шықты. Өнер иесіне бұл масштабты бағындыру оңайға соқпаған екен.

Ғалымжан Молданазар, музыкант

- Иә, уайыммен соңғы уақыт ұйықтай алмай қалдым. Қатты қобалжып. Өйткені, соңғы ай қатты дайындалдық та. Осы соңғы уақытта қобалжып кеше ұйықтай алмай кеше. Саханаға шықтым.

Ғалымжан Молданазар 2013 жылы көпшілікке «Ақпен бірге» әнімен танылды. Кейін араға 5 жыл салып АҚШ-та өнер көрсетіп, әлемдік аренаны бағындырды. Музыкант талай биік белестерді еңсергеніне қарамастан, сахнаға шығар алдында әлі де қобалжитынын жасырмады.

Ғалымжан Молданазар, музыкант

- Ішімнен тілеуімді тілеймін. Өзімді басуға тырысамын. Өйткені, сахананың алдында кәдімгідей көкірегім жарылып кететіндей кәдімгі жүрегім жарылып кететіндей негізі қобалжимын.

Бүгінде әлемдік деңгейдегі музыкант ешқандай тренд қумай-ақ көптің сұранысына ие. Оның терең мағынаға толы тректері әлдеқайда мыңдаған тыңдарманның жүрегінен орын алып үлгерген. Бір қарағанда арманы жоқ музыкант дерсің. Алайда...

Енді қандай мақсат? Енді қандай арман бар?

Ғалымжан Молданазар, музыкант

- Осындай үлкен концертті мықты деңгейде өткізгім келді. Бүгінгі енді бірінші рет концерт бердік қой. Бұл мен үшін сабақ. Әрбір кемшіліктерін түзеп. Жақсы концерт беруге тырысу.

- Әлеуметтік желіде жазып едіңіз. Көктемде қайта ораламыз деп. Көктемде концерт беретіңініз рас па?

- Иә, осы көктемде осы концертімізідің кемшілігін барлығын дұрыстап жасасам деген ойым бар. Өйткені, бұл концертті шындығында айтқанда өз қаражатыммен жасадым. Ешқандай спонсор, жанағыдай партнерлар болған жоқ. Сол үшін көп заттардан шынымды айтайын ақшам жетпей қалды.

Ғалымжан музыка әлеміндегі ерекше құбылыс. Оның фанаттары ұраншыл жанкүйерлер емес, маргиналдық қасиетімен ерекшеленетін тыңдарман. Тіпті Молданазардың жанкүйерлері әлемнің түкпір-түкпірінен ұшып келуге дайын. Бүгінгі концерт соның дәлелі.

Қанат Бейсекеев, режиссер

- Маған өте ұнады. Қатты ұнады. Молданазардың әр концертінен қалмауға тырысамын. Бірақ осы концерт ерекше екенін білдім. Меніңше ол мен үшін менің субьективті ойым бойынша ол қазіргі таңда заманауи қазақтың үлкен бір артисі.

The concert! Концерт өте керемет болды. Музыкасы, қойылымы, сапасы , барлығы тамаша болды. Қазақ тілін толық түсінбеймін, сондықтан сәл қиын, бірақ музыкасы керемет. Мен осы концерт үшін Англияның Ливерпуль қаласынан келіп тұрмын.

- Концерт өте жоғары деңгейде өтті. Біз әлі эйфориядан шыға алмай тұрмыз. Өте керемет деңгейде.