Режиссер Ақан Сатаев тарихи фильмнің түсіріліміне кірісті

Сообщить о проблеме с эфиром

«Күлпәш». Бейімбет Майлиннің драмасы қазақ тарихындағы ең ауыр кезең – ашаршылық уақыты мен әйел теңсіздігін бейнелейді. Шығармадағы басты кейіпкердің өмір жолы арқылы бүкіл ұлттың тағдыры көрініс табады. Аталмыш кинотуындының қазіргі қоғам үшін құндылығын актерлер былай деп жеткізді:

Еркебұлан Дайыров, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:

Санасында саңылауы бар, алам деген адамға бәрін береді енді. Шүкір , тәубәшіліктен бастап , отбасыңа, жан-жағыңа деген , солардың қадір-қасиетіне жету жолында өте үлкен сабақ береді деп ойлаймын. Жалпы, тәубеңе түсіретін кино ғой.

 

Бейімбетов қазақ даласындағы әйелдердің ауыр тағдырын бір ғана Күлпәш образына сыйдырған. Мұны жіті білетін Сатаев кейіпкерге жан бітіретін актрисаны таңдауға ерекше ден қойған. Ұзақ ізденістен соң, өткен ғасырдағы нәзік жандыларымыздың жан сырын сақтаған кітаптағы Күлпәшты экранизациялау актриса Гүлмира Хасенова бұйырған.

Гүлмира Хасенова, актриса:

Өзімнің ұлым бұл жерде Қалижанды ойнағаннан кейін, Күлпәштің ұлын ойнағаннан кейін , маған жеңілірек болды. Өйткені мен де анамын, ол сияқты. Мен де балам болғаннан кейін соны көз алдыма елестетіп, сол жағынан да бір жағынан жеңіл болды деп ойлаймын. Эмоциялық жағынан әрине өте қиындау. Қанша дегенмен бұл трагедия ғой. Жолдасынан айырылу, өзін құрбан етіп тұр Күлпәш. Өзінің арынан аттап тұр баласы үшін, жолдасы үшін өзін құрбан етіп тұр.

 

Ашаршылық жылдарындағы қайғы-қасіретті көрерменге жеткізу – оңай шаруа емес дейді актерлер. Бірақ тарихи кезең тиісінше бағалануы үшін аянып қалмайтындарын айтты. Сол уақыттың азапты сәттерін экран арқылы сезіндірмекке бекінгендер артық салмақтан арылып, қатаң диета ұстанған. Тіпті тамақтан бас тартуға тура келген кездері болған.

Гүлмира Хасенова, актриса:

Тіпті біз осы фильм үшін диетаға отырдық. Тағы да арықтадық. Өзім арық едім, одан сайын салмақ тастадық. Жаңағы тамақтың қадірін түсінесің. Өте қиын болды. Салқын, суық, киіз үйдің ішінде жуынатын сахналар бар. Боранда атпен шауып, салқын сондай жағдайда түсіреміз.

 

Еркебұлан Дайыров Күлпәштің жанашыр жары Мақтым рөліне таңдалған. Актер тарихи туындының түсірілімі оңайға соқпағанын жасырмайды.

Еркебұлан Дайыров, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:

Оны айтсам қазір мына Еркебұлан келіп жылап отыр дейді ғой. Онсызда мына жердің мазасын алып жібердім. Мұздадым, тоңдым деп Өзім тоңғақ адаммын. Мамандығым сол болғаннан кейін амал жоқ көнесің. Оның үстіне сенің тарихыңмен байланысты болып тұрса...

Күлпәш тарихи драмасы қазақ әйелінің қайсарлығын паш етіп, ашаршылық құрбандарына тағзым ететін, тағдырлы туынды болмақ дейді шығармашалық ұжым. Фильм ұлттық тарихтың ең ауыр беттерін қайта зерделеуге және бүгінгі тәуелсіз күннің қадірін түсінуге шақырады.