Қазір ұлттық киімді күнделікті өмірде киіп жүру, оны заманауи стильмен үйлестіру трендте. Қазақы колориттің сәнге айналғанын қалайтын отандық дизайнерлер осы мақсатта аянбай еңбектеніп келеді. Солардың бірі – «Arunaz Atelier» брендінің негізін қалаушы-Назым Қарпықова. Ендеше сәнгердің топтамаларымен танысу үшін шеберхаанасына арнайы келдік.
Назым Қарпықова «Arunaz Atelier» брендінің негізін қалаушы :
– Қандай коллекция жасасам да өте сондай заманауи трендтегі көйлектер болса да киімдерімнің арасына бір әдемі қазақ иісі шығып тұратын кішкентай оюларды болса да мен міндетті түрде қолданамын.
Назым ханым 2014 жылдан бері өз топтамаларында ою-өрнектерді заманауи үлгімен үйлестіріп келеді. Сәнгер «кейде кітаптардан қарамай, олардың сызбасын өзім ойлап табамын, ең басты қағидам сапалы дүние жасау»-дейді.
Назым Қарпықова «Arunaz Atelier» брендінің негізін қалаушы :
– Жеңіл сондай жұмсақ дейміз ғой, сондай оюларды қолдану керек. Анандай сынық тәріздес, бір қатты оюларды қолдануға болмайды. Сондықтан бұл оюларды мен шетелдік дизайнерлермен бірге сызып жасағанмын. Бұл жерде аққу мойынды, түйетабан жәнеде оларды өсімдік тәріздес етіп біз келтіргенбіз.
Наурыздағы түрлі той-думанда жұлдыздардың әсем көрінуі үшін, дизайнерлерде аянып қалмақ емес. Қарбаласқа түспей, ертерек қамдануды жөн көрсе керек, сән үйінен әнші Балжанның іс-шараға киім іздеп жүргенін байқап қалдық.
Балжан Бидаш, әнші :
– Қазақша киімдерді күнделікті киім үлгісімен үйлестіріп, киіп тұруға тырысасыз ба? Әлде тек той-жиын, іс-шараларда ғана киесіз бе?
– Негізі оюмен костюмдер дизайнерлік қазір, біздің өзіміздің Қазақстаннан шығып жатқан. Жалпы киюге тырысамын қазақша оюмен
Наурызнама онкүндігі - көктемгі жаңару мерекесіне арналған ұлттық іс-шаралар мен салттардың жиынтығы. Бүгінде сол дәстүр жаңарып, он күндік мерекелік бағдарламаға айналды. Мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін тойлайды. Ал шоу-бизнес өкілдері қалай дайындалады?
Сануржан Сүлейменов, актер:
– Барынша қазақтың брендтерін қолдауға тырысамын, өзімде қатты жақсы көремін.
Бақыт Тұрман, әнші:
– Наурыздың қарсаңынды біз осындай ұлттық киімдер киіп жүреміз. Күнделікті өмірде киетін сондай 1-3 көйлек кәжекей, комзол, шапандарым бар.
Ердос Қанаев «Жігіттер» квартетінің солисі :
махаббатым ашылып кетеді да, сөйтіп 1 айға дейін киіп жүретін уақыттарым болады. Үйімде шапанның түр-түрі бар.
Саят Мақұлбеков, актер :
– Мен қос қолыммен қолдаймын, киіп те жүрмін.
Естеріңізде болса, «Arunaz Atelier» Парижде өткен fashion week алаңында тек Ұлттық киімдердің көрсетілімін жасаған еді. Топтамаға әлемдік дизайнерлер мен эксперттер жоғары баға берді. Бұл Қазақстанның жаһандық подиумдағы мерейін үстем етіп, шетелдіктердің біздің әдет-ғұрпымызға деген қызығушылығын арттыра түсті.
Назым Қарпықова, «Arunaz Atelier» брендінің негізін қалаушы :
– Бидашта осы бүгін келіп қалғанына өте қуаныштымын!
– Мен алып кетіп бара жатырмын, енді тек тапсырыспен болады.
– Бұл образ қалай аталады?
– Енді бұл образды мен кішкене француз стилін өте жақсы көремін, бұл осындай барқыттан жасалған фрак, кең шалбар және де біздің көйлектерде осындай шілтерілер қолданады ғой. Сондықтан осындай шілтерілі көйлек жасап мойын жағына қазақша оюларымызды жасағанбыз.
Қоғамды қазақылыққа баулу ата тегімізге көз жүгіртіп, өткенге тағзым ету. Ғасырлармен жалғасып, мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерді ұлықтау күнінің маңызын ұмытпайық.