Эксклюзив! Кәмшат Жолдыбаева камбэк жасамақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

 

Сахна ханшайымы Кәмшат Жолдыбаева көп жылдар бойы өнерімен көрерменін сүйсіндірген сылқым. Танымал артист 2023 жылы актер Ғазрет Қажымұқанұлымен отау құрып, оның шығармашылық жолы уақытша тоқтап еді. Шоу-бизнеске қайта оралуды көздеген Кәмшат, алғашқы қадамын нәзік жанды фанаттарымен рухани кездесуден бастаған.

Кәмшат Жолдыбаева, әнші, актриса:

Мен келін болар уақытта жәймендеп психолияға бет бұра бастадым. Қазіргі таңда мен біреудің әйелімін, біреудің анасымын, біреуге келінмін. Сондықтан да, сондай тұрғыдан алып, бір қолдау көрсетуге сондай ниет болды.

 

Кәмшат Жолдыбаева көпті мойындатқан өнер иесі. Оның әр трегі әйел жанының нәзіктігі мен ерекшелігін суреттеп, ютуб платформасында миллиондаған тыңдалым жинады.

Ән айтып,сахнаға шығу ойыңызда бар ма?

Кәмшат Жолдыбаева, әнші, актриса:

Әрине, бар. Ол да асықпай жүзеге асады. Алып-ұшып, мен «сахнаға шығамын!» - деп атой салу жоқ шыны керек. Бірақ, тапсырыс беріп қойған композиторларым бар.

 

Ару камбэк жасауға шешім қабылдағанымен, сахнаға шығуға асықпайды. Оның өзіндік себептері де бар.

Кәмшат Жолдыбаева, әнші, актриса:

Әзірге көңілімнен шығатын ән шықпай жатыр. Көбіне қайғылы әндер келеді. Мен айтамын, давайте андай жақсы, позитив алда бәрі күшті болады деген әндер болады ма деп. Өйткені, әннің сөздері дұға ғой. Сен оны айтқан сайын, сен оны өміріңе шақырасың.

 

Көпшілік Кәмшатты тек әдемі дауыс иесі ғана емес, талантты актриса ретінде де танитыны мәлім. Шығармашылық жолында бірнеше жобаның басты кейіпкері ретінде бой көрсетіп, көптің көзайымына айналған еді.

Сіз киноға түсу үшін, продюсер сіздің қандай талаптарыңызды орындауы қажет?

Кәмшат Жолдыбаева, әнші, актриса:

Продюсердің проектіне мен қазір ыңғайсыз актрисамын . Өйткені , мен оған бірден айтамын, маған бірінші орында ол семья . Сіздің жұмысыңыз ол екінші орында тұрады. Сондықтан да, мені түсінетін, сондай жағдай тудырып бере алатын, продюсерлермен ғана жұмыс жүреді бұйырса.

Бірақ жарыңыз қарсы емес , иә киноға түсуге?

Шыны керек, негізінде бәрінде дұрыс емес түсінік бар да . Күйеуі қатал және күйеуі шығармай жүр деп. Күйеуім , керісінше мені шығарып , аяғымнан қолымнан тартып жүрген сол кісі ғой. Бірдене істеші , шықшы , ән жаздыршы деп, киноға түсші. Ол мен керісінше, жоқ мен үйдемін қазір. Анау бар, бала-шаға бар. Қызметтерім бар деген сияқты.

 

Ендеше өзі айтқандай, «Жүрегінің қалауымен әрекет ететін» Кәмшатқа сәттілік тілеп, енді сахнадан жоғалмайды деп үміттенеміз!

Жалпы, барлығына үлгеріп жатсыз ба, көмекшіңіз бар ма, бөпеңіз жағынан, үй шаруасы жағынан да?

Кәмшат Жолдыбаева, әнші, актриса:

Қалай айтады, кәрі қыз бала тапқан кезде, өзін қоярға жер таппайды деуші ме еді..? Бұл сөз мен туралы. Көмекшілер деген бар, өйткені, пысықтығың жоқ кезде, саған көмекші керек.